М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Tunior
Tunior
16.08.2022 22:52 •  Қазақ тiлi

Сөйлемде көбіне қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады​

👇
Ответ:
stydent65
stydent65
16.08.2022

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Сөйлем мүшесінің белгілері:

1) толық мағыналы сөз болу керек;

2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;

3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.

Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.

Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.

Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.

Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.

Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.

Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

4,8(38 оценок)
Ответ:
Вадим98913
Вадим98913
16.08.2022

На сұрақ как то түсініксіз ғо.. (•‿•)

Объяснение:

4,7(19 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
LenaVolotova
LenaVolotova
16.08.2022
Егер мен сиқыр болған болсам, барлық жақсы және жақсы армандарды шындыққа айналдыратын едім. Мен балаларды бақытты етер едім, әр адамның аналары мен әке-шешелері бар. Әрбір отбасы күшті, достық болар еді және олар әрдайым бірге өмір сүріп, ешқашан өседі. Менің сиқырлы күштерімнің арқасында бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға тырысамын, сонда ешқашан соғыс болмайды, адамдар бір-бірін құрметтейді және бағалайды. Менің сиқырымның арқасында сабақтарымды қызықтыратын едім. География сабағында біз әлемді саяхаттайтын едік. Ал көркемдік сабақ (сурет салу) сабағында суретшілер өздеріне сабақ берді. Олар өз туындыларын әдебиет сабағында, ақындарға немесе жазушыларға түсіндірді. Содан кейін сабақтар қызықты болар еді. Ең бастысы әділеттілік болатынына сенімдімін! Мен сондай-ақ көптеген жақсы істерді жасайтын едім: мысалы кедейлер мен мұқтаждар үшін құрбандыққа барадым, өйткені қайырымдылық - бұл бір бөлігін берудің моральдық нормасы, сізде жүз адам бар.
4,7(51 оценок)
Ответ:
karina694
karina694
16.08.2022
ВАбай (Ибраһим) Құнанбаев.

(1845-1904)

Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.

Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы бай, би және қазақ руларының ішіндегі беделді адамдардың бірі болған. Құнанбай Қарқаралы дуанының аға сұлтаны болған.

Құнанбай діншіл болған. Мұсылман дінінің ықпалын күшейту мақсатын көздеп Орта Азияның діндар қожаларын, татар молдаларын қарамағындағы ауылдарға таратқан. Олардың балаларын мұсылманша оқытқан. Өз ауылында Ғабитқан деген молданы ұстап, Абайды да оқытқан. Абайдың сабаққа зеректігін байқаған соң, әкесі Семей қаласындағы мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол дін сабақтарына тарих, поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды қажет көретін ағымның бағытын ұстаған адам болған. Абай бұл медреседе 4 жыл оқыған кезінде араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен жақсы танысады. Өзі үлгілерінен үйренген. Абайдың жазу жұмысында үлгі еткені 19-шы ғасырдағы орыс әдебиеті болған. Абай Семейдегі медреседен кетер алдында үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де Семеймен қатынасын үзбеген. Семейге саяси көзқарастары үшін жер аударылған, орыс оқымыстылары Н.И.Долгополов және Е.П.Михаэлиспен танысып, орысша білімін терендете түсуге жәрдем алған. Абай Семейге келіп, айлап жатып Гоголь атындағы кітапханадан көп кітаптар оқыған және ауылына да алып кетіп оқитын болған.

Абай дүние жүзінің басқа да ғалымдары мен жазушыларының еңбектерін оқиды. Мысалы, Ежелгі Грецияның атақты ғалымы Аристотельдің философиялық және әдеби шығармаларымен толық танысқан. Атақты данышпан Сократтың да шығармасын бәлген.

Абай В.Г.Белинскийдің еңбектерін ұнатып оқыған. А.С.Пушкин шығармаларын оқып, үлгіге тартқан.

«Евгений Онегин» романынан үзінділер аударды «Амал жоқ, қайттым білдірмей» / «Татьяна хатына»/ әнін шығарды. Сондай-ақ И.А.Крылов, М.Ю.Лермонтов, И.Гете шығармаларынан да аударды.

Абай қазақтың ән-күй творчествосын жете білген. Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет, Жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған. Өзі «Айттым сәлем қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып» тағы басқа әндер шығарған.

Абай «Атаның баласы болма, а бол» деп, жалпы адамзатты түгел сүйетін, гуманизм биігіне шақырады.
4,7(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ