құлыным бақытты сен болғайсың.өркенің өсіп, келешекте елің мақтан тұтатын ер- азамат бол.аллам өзіңді алдыңнан жарылқасын.біз барлығымыз саған тілекшіміз.
бөбекке тілек
сеніменен атаң - әжең нәрленді,
әр қылығың ана жүзге әр берді.
сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
құлағына шырылдаған ән келді.
әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,
қуанысты, жүрек шат боп жырлады.
сенің әнің ал анаңның талай түн
тыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.
анаң әр кез сені жақсы көретін,
әлдиімен саған ән сап беретін.
қаз - қаз тұрды сосын оның бөбегі
бесігінде түн ұйқысын бөлетін.
барлығы да сені көрді, сені ұқты,
өйткені олар болашаққа сеніпті.
міне, сенің шаттығыңның бірі боп
күнтізбеде туған күнің келіпті.
қуанып жүр енді соған барлығы,
жақсы сөзді айтпақ саған ал бірі.
ал онсыз да саған тілеп жақсылық
барлығының өтпеуші ме еді әр күні.
сенің үнің боп естіліп көркем үн,
таусылмасын солар айтар ертегің.
болашағың жарық, нұрлы болсын да,
ертегі боп келсін тағы ертеңің.
сенің үнің күллі әлемді қаратсын,
жолыңа әр кез жақсылықты жолатсын.
келешектің соқпағынан сәулелі
сенің сәби жаныңдай ақ таң атсын.
әрбір күнің қуанышпен түрленсін,
азаматтық күнді тойлар күн келсін.
соны тілер барлық жүрек, өйткені
сен соларға шаттық болып сіңгенсің.
сенің сәби үнің болып тағылым,
жүрегінде қалып қойған бәрінің.
ертеңіңе есік қағар әр күнде
биік болсын талабың мен танымың.
Қыран, қыран бүркіт. Түсіндірме сөздікте «қыран» сөзінің мағынасы — бүркіт, қаршыға, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстардың жалпы атауы деп баяндайды. Әрине, бұл мағына аталған құстардың қасиетіне қарай кейін пайда болса керек. Кейбір түркі тілдерінде, атап айтқанда, қырғыздарда қыран — епті, алғыр сияқты мағыналарда қолданылады. Және бұл тілде тек жыртқыш құс қана емес, аңға салатын иттерге де (тазыға) айтыла береді. Шамалауымызша, сөздің алғашқы тұлғасы «қыр» болып, мағынасы — жою, құрту етістіктерімен синонимдес болуы ғажап емес. Құс атауы — «қырғи» да осы түбірден туындаған деуге болады. Бұл деректер бойынша, «қыран бүркіт» тіркесі «епті, алғыр бүркіт» түсінігімен деңгейлес келеді. «...жаз — қаршыға, қыс — бүркіт дегендей босағасынан бір қыраны арылмайтын еді» (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз.).[1]
Шақан-Шері көзсіз батыр емес,қорқыныш сезімі бар,ет жүректі адам.Шақан-Шеріні қырық жігітпен бірге жолбарыс аулауға баулыған аңшы Құбамерген.Шақан қолына ысты Рысбек ұста соққан білтелі қара мылтық пен ақ найза ұстап жүрген қарапайым аңшы.Шақан мінсіз кейіпкер емес,ол жолбарыс аулау өнеріне машықтанып,кек алу жолында жүрек жұтқан батырға айналады.