2-тоқсан «№174 мектеп-гимназия» КММ
Алматы, Наурызбай ауданы, Наурызбай ауданы
4 И
Bilimland logotype
САМИНА
МҰРАТБЕК
Оқушы
BilimLevel 0%
0
Жеке кабинет
Online Mektep
Кесте
Үй тапсырмасы
Мұғаліммен байланыс
Күнделік
Көмек
PISA
BilimLand
Компьютерлер
iTest
Twig-Bilim
iMektep
30 ҚАРАША
ҚАЗАҚ ТІЛІ - 4 И
2-ТОП
Артқа
МӘДЕНИ МҰРА СЫР ШЕРТЕДІ. МАҚАЛА ЖАЗА АЛАМЫН. 1-САБАҚ
САБАҚ
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Чат ашу
Мәдени мұра сыр шертеді. Мақала жаза аламын. 1-сабақ
Ақпараттық мақаланың хабарламадан ерекшелігі неде?
Хабарлама
30 қазан күні «Көктем» клубында «Алтын күз 2020» атты сәндік қолданбалы өнер көрмесі өтті.
Ақпараттық мақала
30 қазан күні «Көктем» клубында «Алтын күз 2020» атты сәндік қолданбалы өнер көрмесі өтті. Көрмеге қала мектептерінің оқушылары қатысты. Әр шебер өз өнерін көрсетіп, ерекше туындыларын ұсынды. Бұл жерде әр қатысушының талғамы мен қиялына сай түрлі заттарды көру мүмкін болды. Көрмеде ерекше көзге түскендердің бірі – жас өнертапқыштар. Балалардың еңбегі мен ерекше ойлау қабілеттерін қазылар алқасы бағалады. Көрмеге қатысушылардың әрқайсысына естелік сыйлықтар тарту етілді.
Маңызды мәліметтер, қызық оқиғалар туралы хабарлап, өз пікірін білдіруі.
Маңызды мәліметтерді жарнамалау.
Ақпараттардың қысқаша баяндалуы.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.