ответ:Тапсырма 1.
Қызығушылық - қызығу
үлес қосу - пайдасын тигізу
бейбіт - тыныштық
гүлдену - көркею, даму
Тапсырма 2.
1.Қазақстанның болашағы жарқын деп ойлаймын
2.Жастар – ер болашағы деген түсіндім.
3.Еліміздің болашағы жарқын естілемін.
Тапсырма 3.
- Қазақстан өз егемендігін қашан жариялады?
- 1991 жылы Қазақстан өз егемендігін жариялады
- Қазір Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазір Қазақстан тәуелсіз мемлекет
- Ал біздің міндетіміз қандай?
- Біздің міндетіміз жақсы оқу.
- Біз не үшін қызмет етеміз?
- Өйткені біз отанымызды сүйеміз
- Біз Қазақстанның болашағына қалай үлес қоса аламыз?
- Сен жақсы оқысан, жақсы үлес косасын
- Қазіргі жастардың қызығушылығы неде?
- Қазір жастар музыка, интернет пен қызығушылық танытады
- Қазіргі жастар үшін ең басты құндылық қандай?
- Отанымызды үнемдезуге
Объяснение:
ұшырасатын не жиі кездесетін деректердің қайсысы болса да типтік бола алады. Ең бастысы — шындықтың адам табиғатына сиымдылығы және нанымдылығы. Сондықтан да әдебиет нақты адаммен бірге сол адам өмір сүрген дәуірдің шежіресі, көркем тарихы болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихы — белгілі мөлшерде қазақ халқының тарихы да, онда халық бастан кешкен әрқилы дәуірлер мен оның адамдарының бейнесі жасалған, ой-арманы бейнеленген. Осының бәрін көркемдікпен суреттеп танытуда әдебиет тілінің маңызы үлкен. Ол — жазушылық шеберліктің негізгі. “Әдебиетші… — қаламымен ғана жазбайды, сөзбен сурет салады, адамды бір қалыпта ғана суретке түсіретін сурет өнері сияқты емес, үнемі қозғалыс, әрекет үстінде, таусылмайтын кездесулер мен қақтығыстардың жағдайында… суреттейді” (М.Горький). Әдебиет адамның өмір тануына, оның эстет. ұғым-түсінігін, сезімін байытуға қызмет етеді. Оның тәрбиелік мәні зор, жарқын жасалған жақсы тұлғаларға оқырман елігеді, оған ұқсауға тырысады. Халық өмірінің жан-жақты бейнеленген суреті мен оның көрнекті өкілдерінің бейнесін жасаған, азаттық, тәуелсіздік жолындағы арман-тілегін суреттеген әдебиет халықтық болып саналады. Шығарманың тақырыбы мен идеясын да оның халықтық сипаты белгілейді. Өмірді тану мен оны көркем бейнелеудің ғасырлар бойғы тәжірибесі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін туғызған. Ол тегі жағынан эпос, лирика, драма болып бөлінеді. Олардың әрқайсысы іштей бірнеше түрден (жанрдан) тұрады. Шындықты танып, көркем бейнелеудің әдісі де әртүрлі. Олар белгілі бір дәуірдің өзгешеліктерінен туады. Әлем әдебиеті классицизм, романтизм, реализм сияқты шығармашылық әдістерді басынан өткерген. Солардың ішінде шындықты шынайы бейнелеуі, өмір құбылыстарын нақты адам тағдырына байланыстырып терең ашуы жағынан реалистік өнер әдебиет дамуының ең биік сатысы саналады.
Әдебиет — ұлттық категория. Ол алдымен ұлттық түрде, сол халықтың дәстүрлері мен тарихи дамуының ерекшеліктері негізінде жасалады. “Әдебиеттің мазмұнын оның халқының өмірі береді” деген В.Г. Белинский. Көркемдік ізденісте ол әлем әдебиетінің озық үлгілерінің тәжрибесін пайдаланады. Оның дәстүрмен байланысы, жаңашылдығының да сыры осында. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік әдебиетінің үлгісі жалпы адамзатқа ортақ мұраны құрайды. Әдебиет ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті болып бөлінеді. Қазақ әдебиетінің көшпелі дәстүрде туған, ауызша шығарылып, халық жадында сақталған әдебиеттің тарихи зор саласы — ауыз әдебиеті (фольклор). Оның түрлері де сол шыққан дәуірі мен жанрлық ерекшеліктерінен туындайды. Оларда тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөз өнері, айтыс, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, эпостың түрлері (батырлық, ғашықтық, дастандар түрінде), тарихи жырлар кең дамыған. Олар өз кезіндегі қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесін анық танытады. Жазба әдебиет (тарихи әдебиет) қазақтың ұлт болып құралып, мемл-тігінің тууына байланысты өркендеген. Онда халықтың тұрмыс-тіршілігінің суреттері мен дербес болуының идеясы жырланған. Елді осы жолда бірлікке шақыру, көрші елдердің отаршылдық саясатына қарсылық кең көрінеді. Ал, қазақтың дүн. жүз. дамуындағы орнын түсініп, Әдебиет арқылы ағартушылық, демократиялық көзқарасты насихаттау ХІХ ғ-дың екінші жартысында Абайдың, Ыбырай Алтынсариннің, Шоқан Уәлихановтың шығармаларында көрініс тапқан. Осы тұстан бастап, Әдебиет халық өмірінің қайшылықтарын көркем бейнелеген қуатты құралға айналды. ХХ ғ-дың басында Ресей отаршылдығының астында езілген халықтың жан ашуын Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, С. Торайғыров т.б. батылдықпен көтеріп, ағартушылық, демократиялық әдебиет дәстүрін тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен ұштастырды. ХХ ғ-да, кеңестік дәуірдің қайшылықты саясатына қарамастан, қазақ әдебиеті Еуропа әдебиетінің жанрлық түрлерін игеріп, шын мағынасындағы көркемдік биігіне көтерілді. Оның озық үлгілері әлемдік деңгейде танылды. Қазақ әдебиетінің бұл тұстағы табыстары Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мұхтар Әуезовтің, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Асқар Тоқмағамбетовтің, Тайыр Жароковтың, Ғали Ормановтың, Қасым Аманжоловтың, Әбділда Тәжібаевтың, Жұбан Молдағалиевтің, Сырбай Мәуленовтің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Тахауи Ахтановтың, Олжас Сүлейменовтың, Әбіш Кекілбаевтың, Мұхтар Мағауиннің, Сәкен Жүнісовтің, Шерхан Мұртазаның, Тұманбай Молдағалиевтің, Қадір Мырза Әлінің т.б. шығармашылық өнерімен байланысты. Заманның қайшылықты сипаты да, әдебиет дамуының қиыншылықтары да осылардың өмірі мен еңбегінен көрінді.
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
А досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Адамдардың арасындағы қарым-қатынастың іргетасы - адалдық. Өзің адал болмай, өзгеден адалдықты күту бекершілік. Достықта да адалдық болмаса, ол мәңгілікке ұласа алмайды.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев: "Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып, өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып",- дейді.
Қарап отырсақ, достыққа шөлдеген, достықты аңсаған ақын өзгеден мін іздеп, өзгеге кінә артпайды. Өзгеге талап қоймастан бұрын, өз жанына үңіліп, өзінің қандай дос бола аларын ойлаған ақын өлеңіндегі дәл осы жолдар жоғарыдағы ойымызды қуаттай түседі./p>
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
Объяснение:
это есть в другом вопросе я это скопировал чтобы ты увидел