Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл.
Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10–12C-та өне бастайды, 25–30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады.
Мазмұны
1 Мақта өнімдері
2 Негізгі зиянкестері:
2.1 Артықшылықтар
2.2 Кемшiлiктер
3 Егу, өсіру
4 Экономика
5 Дереккөздер
Мақта өнімдері
1 т шитті Мақтадан 330–360 кг талшық (бұдан 3000 м мата тоқылады), 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Тұқымында 20–25% май болады, сондықтан 1 т Мақта тұқымынан 170 кг Мақта майы, 400–420 кг күнжара, 300 кг қауыз, мақта мамығы, олифа, глицерин, т.б. құнды өнімдер алынады. Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мақтаның ұзын талшықтарынан әр түрлі маталар – бәтес, сәтен, маркизат тоқылса, қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, дәрілік мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек, жіп, т.б. дайындалады. Мақта майы тамақ, консерві, парфюмерия өнеркәсіптерінде, ал тұқым қалдығынан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, орган. қышқылдар, целлюлоза, т.б. алуға болады және сабағы(Қозапая) отын ретінде, күнжарасының құрамында белок болғандықтан мал азығы ретінде қол
Негізгі зиянкестері:
өрмекші кенесі
мақта және күздік қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары
шегіртке
арам шөптер
Артықшылықтар
жұмсақтық
жылы уақытқа жақсы сіңіру қабiлеттiлiгі
жеңіл түске боялуы
табиғи материал
денсаулыққа зиян келтiрмеген
Жетісай қаласында «СапаИнвестПлюс»атты мақтаның сабағынан құрылысқа және жиһаз жасауға қажетті тақтайшалар жасалуда
Кемшiлiктер
оңай илейдi
отырғызуға тенденцияны алады
жарықта сарғаяды
суды бойына сіңіріп алады
Объяснение:
"Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс" деген екен Эрнест Хемингуэй. Шынымен де, жазушылар көзбен көрген, құлақпен естіп, көкейге түйген нәрсесін ауызбен айтып қана тынбай, сол тақырыпта қаламын ұштайды. Үлкен ойды, негізгі идеяны өрнектелген сөздермен көпшілікке жеткізеді. Бұған дейін қазақ даласында бірталай жазушылар болды. Сүт бетіндегі қаймақтары: М.Әуезов, І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, Ә.Нұрпейісов, С.Мұқанов, Т.Ахтанов, Ж.Аймауытов, Т.Әлімқұлов және т.б. Қазақ жазушылары қатары бұнымен тоқтап қалмақ емес.
Егер мен жазушы болсам, халқыма қажет тақырыптарды қозғап жазар едім. Тілімнің тазалығын сақтап, қарапайым оқиғалардан үлкен өнеге алатындай дүние ұсынар едім. Б.Момышұлы: "Басқалар сиямен жазса, біз қанмен жаздық" деген екен. Мен де қанмен болмаса да, шындықтың көк сиясымен жазушы едім. Әсем сөзбен оқырман көзін көмкермей, жан-дүниесін байытатын еңбек жазамын.
Жазушылық біздің қазақ халқының қанында бар нәрсе. Үлкен жазушыларымыздың салған сара жолымен біз де сан жағынан емес, сапа жағынан сөз жоқ туындылар жазсақ деймін.
Объяснение:
1.Найман мемлекетінің күшеюі
2.Найман мемлекетінің ішкі саяси дағдарысы
3.Шыңғыс ханның жаулап алу жорықтары
Наймандардың Жетісуға қоныс аударуы
Объяснение: