3-тапсырма. «Дербес пікір жазу» тәсілін қолданып, өлеңдердің мазмұ- ны бойынша пікірлеріңді жаз (уақыт мөлшері: 7-8 минут). 1. Өзіндік пікір (идея) – бір сөйлем. 2. Дәлел екі сөйлеммен келтіру керек. 3. Өз пікірін дәлелдейтін мысал - екі сөйлем. 4. Өз пікіріне қарсы пікір – бір сөйлем. 5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал екі сөйлемнен тұру керек. 6. Қорытынды екі сөйлемнен тұрады.
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. А дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұры, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып, үйренеді. Яғни, ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей таза тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталды. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын, бар байлығын, көркемдік қуатын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші. Ана тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады. Ана тілін арқылы оқып, білім алады, өз отбасында тәрбиеленеді. Ана тілінде халқымыздын өрісін көрсететін әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі - халқымыздың өмір сүріп, қоғамды жан-жақты дамытып отыруының әрі көрінісі, әрі кепілі. Өйткені, біріншіден, ана тілі халқымыздың дүниеге келіп, өмір сүруіне тікелей байланысты, екіншіден, ана тілі ұмытып, ана тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәрбие алмаған халықтың келешегі жоқ. Себебі ол халық біртіндеп тарих сахнасынан шығып қалады.
Астана туралы диалог
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!