М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ChristenChy
ChristenChy
23.10.2020 13:29 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Сөз тіркестерін қатыстырып, «Әсем қала – Астана» тақы-
рыбына шағын мәтін құраңдар.​

👇
Ответ:
gasersazru
gasersazru
23.10.2020

ОТВЕТ

 Астана - әсем қала.

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.  

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.  

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

Объяснение:

лайк

4,6(36 оценок)
Ответ:
Mashavicks
Mashavicks
23.10.2020

Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне, жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.

Сарыарқаның төрінде орналасқан

Объяснение:

Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне, жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.

Сарыарқаның төрінде орналасқан

4,7(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dastanemilbeko
dastanemilbeko
23.10.2020

Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Бүгінде тіл білгеннің тіршілігі түзу. Тарих беттерін шолу жасасақ, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білгендіктен, артына мол рухани құнды мұра қалдырды. Ақын Абай Құнанбаев орысша хат танып, өзге тілді үйренсе де, өз тілін құрметтеп, артына өшпес мұра қалдырған. Алаш арысы, қоғам қайраткері М. Шоқай зеректілігі арқылы университет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шыққан

Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.

«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар жетілдіруде. Сол себептен ақпараттық- комуникативтік құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды.

Болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз

Объяснение:

Вот

4,5(52 оценок)
Ответ:
bodiafan
bodiafan
23.10.2020
Менің отаным әдемі ел, Қазақстан Республикасы болып табылады. Бұл - бай тарихы, ежелгі мәдениет және бірегей табиғаты бар үлкен ел. ұзақ уақыт бойы қазақ халқы өзінің қонақжайлығымен және ынтымақтастық танымал болды.

Сіз тарихында Қопа болса, Қазақстан өз тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл өтті. Мыңдаған адам біздің еліміздің бостандығы үшін күрескен, көптеген отанына болашағы үшін өлді. Қазақ халқы моңғол рейд жеңе. Ата-бабаларымыз рейдтер жоңғарларға біздің жерлерін қорғау. Адамдар, олар қандай шығын білген, өлім және әділетсіздік, қайғы мен бақытсыздық көрдім. Сондай-ақ, Қазақстан халқы бір елдің бір бөлігі ретінде, Ұлы Отан соғысындағы белсенді қатысты. Ондаған Қазақстаннан таңбалардың мың жалпы жеңіске батылдық пен ерік көрсетті. Бұл біз еркін және тәуелсіз елде өмір сүретін осы адамдардың арқасында болып табылады. Барлық халқының бірлігі мен ынтымағы арқасында осы және жарқын болашақта ортақ сеніміміз. Біз осы адамдарды есте және еліміздің шынайы патриоттары мақтан болуы тиіс.
Әрбір дәуірі оның батырларын болды. 13 ғасырда қазақ халқының оған Kuchlug хан және Хан GAID әкелді. 18-ші ғасырда, зор алапат кезінде қазақтар, өйткені Әбілқайыр хан, Бөгенбай батыр Сұлтан Абылай өз жерлерін жеңіп алды. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан 28 панфиловшы, Әлия, Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегельдинов негізгі кейіпкерлері болды. Олардың барлығы ұлы ақын, бард, ғалымдар жоғары бағалады.

Қазақстан, бір отбасында он бес миллион адам, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Мен түрлі діндерді, әртүрлі тілде сөйлейтін, біздің елімізде бірге бойымен қалай алуға қызық түрлі ұлт адамдарға көмектесе алмайды. Ал мұның бәрі жақсы көзқарасы, сондай-ақ бір-біріне ғана емес, көзайымы жүреді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша: «Тәуелсіздік қалпына келтіру - тарихи әділеттілік еркіндігі салтанат ұзақ күресте біздің бабаларымыздың жасаған құрбандықтар табиғи өтемақы, ол соққыны зақым осы орасан зор жер басшылық пен билікке қорғады біздің ата-бабаларымыздың тағдыры өзі еңбегі ерік арқылы жүзеге асырылады ... «
4,6(54 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ