идёт СОР 1) Мәтінді екі рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал - мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді.
Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады.
Қалада азық-түліктің қоры да таусылады. Аштыққа шыдамай, «соғыс жеңіліспен аяқталады» деген оймен Қаража атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бір бөлігін бастап моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды.
1) Сұраққа жауап беріңіз: (3-4 сөйлеммен жазыңыз)
Отырар қаласы қалай жеңілді?
Арлылық – тектілік пен көрегендіктен, иман мен жігерден туатын қасиетті мінез. Арлы адам ең әуелі ұятын сақтайды, адамдық мінезден айнуды намыс көреді. Түлкімінез жарамсақтыққа, жағымпаздыққа, сатқындыққа, қорқаулыққа, аярлық пен арамдыққа бармайды. Тоғышарлық пен күнәдан бойын аулақ ұстап, дүниелік ұсақ-түйекке бола кісілік қадір-қасиетін төмендетпейді. Қандай жағдайда болмасын, өз тағдырына разылық танытып, тоқмейіл қалпын сақтайды. Кісіге қол жаймайды, ешкімнен ештеңе дәметпейді де. Арлы адам үшін кісіге масыл болудан артық қорлық болмақ емес. Табан ақы, маңдай терімен күн көріп, құдіретті Жаратушының алдында ғана бас иеді.