Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.
1. Б)
2.зиянды-пайдалы
3.қиыншылығын- қиындығын
4.Б)
5.А)
6. “Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық” – деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті.
Қолөнер қолмен жасалатын жұмыс. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа көбірек таралған қолөнерінің бір түрі ою — өрнек.
Қазақтың қол өнерін дамыту, біздердің яғни жастардың қолында.