Жүйрік жылқының дене бітімі
Басы. Жүйрік атты бас бітімінен таниды. Қоян және бақа басты жылқылар жақсылар санатында. Ал бұлан бас, бұғы бас, құлан бас, орақ бас жылқыларды екінші топқа жатқызуға болады. Сондай -ақ өрен жүйріктің көзі, маңдайы, танауы, құлағы, омыраулығы, астыңғы ерні үлкен келеді, Тілінің бітімі жатпақ, жақ сүйегінің астыңғы сағақ үңгірі терең, қабағы үшкіл, еріндері тістеуік сияқты қабысып бітеді.
Қой басты жүйріктің белгісі: бет әлпеті шығыңқы, маңдайы жазық, бас сүйегі сүйір - сидам, көзі қойдікі сияқты дөңгелек, ауыздығы көлемді, тілі жатаған, иек сүйегінің арасы кең, дүрдек ерінді, тісі сарғыш нық бітеді.
Қоян басты жүйріктің белгісі: бет әлпеті көрікті, көзі үлкен, бас сүйегі сидам, тарбақ, әрі басқа жылқыларға қарағанда кішілеу, құлағы ұзын, тілі жатаған, иек сүйегі сопақшалау болады.
Күдір басты жүйріктің белгісі: басы ұрғашы тоқал маралдың басы тәрізді әрі жеңіл, қапқыш болады. Көзінің бітімі сопақшалау, құлақ - мұрны үлкен, секемшіл таза болады.
Киік басты жүйріктің белгісі: кішкене ұзынша басты, көз шарасы шығыңқы, құлағы үлкен.
Бақа басты жүйріктің белгісі: кеңсірігі қысқа, маңдайы қайқы, көзі бұлтығыр, иек бітімі мен тіл көмейі кең, аузы үлкен, танау желбезегі дүрдиіп тұрады.
«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,
тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .
Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.
Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.
Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді.