Менің Отаным – Қазақстан (Ақерке Қапашева)
Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.
Кең байтақ Қазақстан, жасыл далам,
Көп қиындық көрсе де жасымаған.
«Татулық», «Бейбітшілік» басты ұраның,
Сондықтан ешбір дұшпан басынбаған.
Басқадан ешбір ғажап, сый күтпеген,
Күн көруде халқың адал тірлікпенен.
Ашыққанда азық болар, шөлдегенде,
Шөл қандырар сусыны бар – бірлік деген.
Қазақстан! Ұмтылған алға қарай,
Сенен артық, ерек ел бар ма? Қалай?
Адал жүрек, ақ пейілді халқыңменен,
Жетістікке жете бер алда талай.
Отан!! (Мұқағали Мақатаев)
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе, Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан - мекенің!
Менің Қазақстаным (Арайлым Сағынтаева)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
Менің Отаным - Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
ответ:Өмірге келген әр пенде ес біліп,есейген соң мұң-шерін шағатып, қуанышына ортақтасатын сырлас іздеп тең табары рас. Достық – ұлы сезімнің бірі. Адамдар бір-біріне қалтқысыз сеніп, жығылғанда демеп, құласа көтеріп, өмірдің сан түрлі қиындығында жаныңнан табылып, қайғы мен мұңды тік тұрып бөлісетін, тек қиындықтар да ғана емес өмірдің жарқын сәттерінде де жәрдемдесетін өлшеусіз қамқорлық пен жауапкершіліктің, адами құндылықтардың басын біріктіретін қасиет. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққа кіршіксіз адалдық пен қарап, шынайы бағалау қажет. Бүгін де ел арасын да достық туралы:
“Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше” – деген орынды,мағаналы сөз бар.
Сатқындық, екіжүзділік, қызғаншақтық және өтірік айту достық ұғымына қарсы, достыққа кедергі болатын керіағар ұғым. Өзгенің қуаныш-бақытын көре алмайтын жандардың досы аз, тіпті болмауы мүмкін. Ел даналығында достыққа байланысты айтылған аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдер көп: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Жүз тиының болғанша,бір досың болсын”. Достықта қолда барын беріп,қайтарым күтпей үйрену керек. Достықты шынайы бағалаған адам ешқашан жалғыз қалмайды.
Объяснение: