Тарихи шығарма жазуда қаламгер ұстанымы, негізінен, оның жазушылық концепциясынан туындайды. Авторлық ұстаным — жазушы дүниетанымының іргетасы. Суреткердің авторлық ұстанымы оның өз шығармасындағы алдына қойған мақсат-мұрат, айтпақшы болған ой-идеясымен тығыз байланысты. Қандай жазушы болса да, өз ұлтынан тыс тұра алмайды. Демек, ол — белгілі бір дəрежеде ұлттық идеяның жаршысы. Егер «Ұлттық идея дегеніміз — этностық мезгілдік һəм мекендік факторлар арқылы айқындалатын тəжірибесі, танымы жəне талғамына байланысты бірте- бірте жыңғырып-жаңаланып отыратын, бірақ өзіндік ілкі белгілерін жуық арада жоғалта қоймайтын табиғи-тарихи əрі тылсымдық бітім-болмысының, сана-сезімінің, мінезі мен мəдениетінің, соған сəйкес туындайтын əлеуметтік мұрат-мүдделері мен қимыл-қозғалыстарының жалқылық та, жалпылық та мəнін жинақтаған ұйытқысы»
Отан отбасынан басталады
«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.