Менің қалам – Петропавл.
Менің туған қалам – Петропавл қаласы. Петропавл — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.
Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.
Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды. Менің қалам екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан.
Тіл
PDF түсіріп алу
Бақылау
Өңдеу
Ильхан мемлекеті, кейде Хулагу мемлекеті, (парсы: ایلخانان, Ilxānān) — Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256 — 1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның Төледен туған немересі Хулагу хан қалады. Мемлекет билеушілері Хулагу әулетінен шығып, Ильхан, яғни Ел, Ұлыс ханы атанды. Ильхан мемлекеті құрамына қазіргі Иран, Ирак, Ауғанстан, Түрікменстан, Кіші Азияның шығыс бөлігі, Әзірбайжан мен Армения бағынды. Грузия, Трапезунд империясы, Кипр корольдігі тәуелділікте болды.
Ильхан мемлекеті
ایلخانان
Ilkhanate
Көшпенділер империясы
Моңғол империясының бөліндісі
1256 — 1335/1353
Flag of Ilkhanate.svg
Ильхан мемлекетінің туы
Ilkhanate in 1256–1353.PNG
Ильхан билеген өңір
Астанасы
Мараге (Maragheh) (1256–1265)
Тебриз (1265–1306)
Солтание (1306–1335)
[1][2]
Тіл(дер)і
Түркі, Моңғол, Парсы
Діні
Тәңіршілдік, Несторианшылдық, Ислам
Аумағы
3750000км2
Басқару формасы
Монархия
Династиясы
Хулагу
Тарихы
-
Орта ғасырлар