Достық – ең ұлы сезімдердің бірі.Доссыз өмірді елестетуге келмейді десек те болады.Халқымыз "жүз теңгең болғанша,жүз досың болсын" деп бекер айтпаған.Достармен сен қуанышыңды да,қайғыңды да бөлісе аласың.Олармен бірге кез келген қиындыққа төтеп беру – ең үлкен жеңіс боп саналады.
Достардың арасында мызғымас,берік қарым-қатынас болса,алынбайтын асу жоқ дер едім.Мысалы,мына жағдаят сөзіме дәлел бола алады.Асан,Берік,Бағдат – үшеуі кішкентайларынан бері айрылмас достар.Бірге мектепке барып,бір үйірмелерге қатынасады.Бір күні олар мектепте жобалар сайысының ұйымдастырылатынын және жеңімпаз еліміздің көрікті жерлеріне экскурсияға жолдама алатыны туралы хабарландыруды естиді.Осы кезде Асан достарына бұл экскурсияға қатысуды армандайтынын,бірақ жоба жасау қолынан келмейтінін айтады.Берік пен Бағдат Асанның арқасынан қағып:"Жеңімпаз атануға көмектесеміз,біз біргеміз" деп қолдау көрсетеді.Кейін үш дос не істеп,не қоятындарын ақылдасып,іске кіріседі.Осылайша үш дос жұмыла жұмыс жасап,жеңімпаз атанып,Асанның арманын орындайды.
Ия,достық ол көптеген нәрселерге көзімізді жеткізеді.Әрине,досың көп болғанымен,олардың адал әрі нағыз достар екеніне назар салғайсың.
Шілдехана – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Бұл тойды біз күнделікті өмірде де көріп, көркем әдебиеттен де оқып, біліп жүрміз. Шілдеханаға тән ерекшеліктердің бірі – бұл тойға қуаныш иесінің жора-жолдастары шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Бұл тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтау айтылады. «Негізінен шілдехана үй иесінің жағдайына қарай үш күнге созылады. Шілдеханаға келген қонақтар таң атқанша жаңа туған нәрестені, оның анасын ардақтап ән салып, домбыра тартып, ойын-сауық ұйымдастырады. Шілдехана кешінде жиі айтылатын әннің бірі – «Бөбек». Бесік той бала қырқынан шыққасын жасалынады. Ал бүгіндері бұл мереке бала қырқынан шыққан күні де өткізіліп жүр. Бесік тойға нәрестенің өз жұрты, нағашы жұрты, алыс-жақын ағайындары, көрші-қолаң, етжақын достар жиналады. Қонақтар өздерінің шамасына қарай сыйлық, пұл және тойдың шашуы ретінде тәтті-тұрым ала келеді. Үлкен кісілер той дастарқанына отырмас бұрын ақ батасын береді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. Ескерте кетуіміз керек, елбасымыз әлемдік саяси аренада өз беделі бар, бүкіл әлемді бақылауға алып отырған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун үлкен құрметпен қарайтын, жер жүзінде алғашқы өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, бейбітшілікті сүйетін және белсенді насихаттап жүрген үлкен тұлға. Демек, әлемдік беделі бар үлкен тұлғаның әрбір сөзінен күмән, күдік іздеудің өзі бізге, халыққа сын. Президентіміз берген уәдесін орындай алатын Қазақстанның №1 жауапты тұлғасы. Осыны есте сақтаған жөн.
Эссе
Жолдасы көптің - олжасы көп.