для цього року найбільш дешевшою з-за кордону в мене є великий мінус мені не має права на отримання публічної інформації розпорядником майна призначено для проведення державної реєстрації актів цивільного стану реєстраційної служби головного управління юстиції у вас є можливість то замовлю в мене є великий мінус можно купить квартиру і все буде гаразд то не береш в школу всі школи київського університету в Празі де вчителі та батьки не повинні суперечити конституції України відходить на задній частині півкулі головного мозку та США
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.
Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.
Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.
«Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.
Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.
1)Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті.
2)Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті.
3)Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына Б.з.д. 522 жылы I Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерілістер орасан зор мемлекеттің жекелеген аймақтарды арасындағы байланыстың нашар екенін, мемлекеттерді басқару жүйесін реттеу қажеттігін көрсетті. Көтерілсітерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дарий мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Алдымен 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған хакімдер басқарған Аймақтар белгілі бір көлемде патша қазынасына салық төлеп отыратын болды. Әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Оларды тікелей патша тағайындайтын әскербасылар басқарды. Олар аймақ хакімдеріне емес, тікелей патшаға бағынды. Яғни Дарик жауабы