М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
IbroVine
IbroVine
03.05.2023 07:54 •  Қазақ тiлi

3. Ереже қайталау Үстеу
1.Іс-қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөздер қалай аталады?
А)еліктеуш
В) үстеу
С) бейнелеуіш
Д)шылау
Е)сын есім
2.Қайда?-қай сөз табының сұрағы?
А) үстеу
В)зат есім
С) сын есім
Д)есімдік
Е)етістік
3.Үстеу көбіне қай сөз табымен тіркеседі?
А) зат есім
В) етістік
С)есімдік
Д)шылау
Е)сын есім
4.Күшейткіш үстеудің сапалық сын есіммен тіркескен түрін табыңыз.
А) аса ауқымдық
В) тым кеш
С) өте ақылды
Д) кілең жүргіншілер
Е) ең сұлу
5.Үстеу қатысқан есімді тіркесті табыңыз.
А) Бүгін боспын
В) Бәрінің өмірінің басталуы осылай еді.
С). Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады.
Д) Мұнда бір салқындық бар.
Е) Жаздың көркі енеді жыл құсымен.
6.«Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің қатарын табыңыз.
А) төмен, алға, жоғарғы
В) өте, тым, аса
С) жаздыгүні, былтыр, баяғыда
Д) жылдам, асығыс, мүлдем
Е) бақыт, жаз, ауа райы
7.Қай үстеу түрі күшейтпелі шырай жасауға қатысады?
А) мөлшер
В) мақсат
С) күшейткіш
Д) сын-қимыл
Е) мезгіл
8.Қай сөлемде мезгілдік мағынаны білдіріп тұрған сөз (үстеу) бар?
А) Әсетке орныны отырды
В) Мен сабаққа кешіктім
С) Таңертең ерте ояндым
Д) Мен онымен сөйлестім
Е) Кино өте қызық болды
9.Қай үстеу «-ша,-ше» жұрнағымен жасалады?
А) сын-қимыл
В) мақсат
С) себеп
Д) мекен
Е) мезгіл
10.«-дайын» ненің жұрнағы?
А) мөлшер үстеудің
В) мезгіл үстеудің
С) сын-қимыл үстеудің
Д) мақсат үстеудің
Е) себеп үстеудің
11.Туынды үстеу тудыратын жұрнақтарды табыңыз.
А) -ар, -ер, -р
В) -ма, -ме, -ба, -бе
С) -шы, -ші
Д) -а, -е, -й
Е) -тай, -тей, -ша, -ше
12.Септік жалғауларының түбірге сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді табыңыз.
А) Сұңқардайын, осылай
В) Биыл, соншалық
С) Әрең-әрең, қыстай
Д) Жаздыгүні, кун ұзаққа
Е) Қапыда, текке
13.«Бірге, алда, тосыннан, ретімен» туынды үстеулері қандай қосымша арқылы жасалғанын табыңыз.
А) сөз тудырушы жұрнақ арқылы
В) көнеленген септік жалғауы арқылы
С) тәуелдік жалғауы арқылы
Д) сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы
Е) көптік жалғауы арқылы
14.Кешке қарай, күн сайын, жаз бойы – қай үстеу түріне жатады?
А) күрделі үстеу
В) түбір үстеу
С) туынды үстеу
Д) қосымша
Е) есім сөз
15.Күрделі үстеуді табыңыз?
А) бүгін
В) кешке
С) күндіз
Д) түнде
Е) түс
16.Үстеудің мағыналық түрі нешеу?
А) 6
В) 3
С) 5
Д) 4
Е) 7
17.Қай сөйлемде мезгіл үстеуі бар?
А) Ол кешқұрым келді.
В) Ат айналып қауызын табады.
С) Олар сыныпқа екі-екіден кіреді.
Д) Амалсыздан үйлеріне кіреді.
Е) Ағай осы жерге бірнеше рет келді.
18.Бұл сұрақтар қай үстеудің сұрақтары?
Қайдан? Қай жерден? Қалай қарай?
А) мезгіл
В) мекен
С) сын-қимыл
Д) себеп
Е) мақсат
19.Мекен үстеуді табыңыз.
А) үйдегі даладағы
В) ілгері, төмен
С) сәл, аз
Д) ерте, кешке
Е) жазда, түнде
20.Мөлшер үстеулердің қатарын табыңыз.
А) әбден, тым, ең В) тысқары, ішкері,әрі С) кеше, кешке, кешкісін
Д) бекерге, босқа, амалсыздан
Е) біраз, онша, қыруар, бірталай

👇
Ответ:
muamy
muamy
03.05.2023


3. Ереже қайталау Үстеу 1.Іс-қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөздер қалай аталады? А)еліктеуш В)
4,7(70 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Розочка18647
Розочка18647
03.05.2023

1. Буын үндестігіне бағынбайтын біріккен сөзді табыңыз.

A) Көкшетау

2. Дұрыс жазылмаған сын есімді көрсетіңіз.

A) Көкілдір

3. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

A) Көрер

4. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.

A) Үйгекел

5. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

A) келін-кепшік

6.Кейінді ықпалды табыңыз.

A) Бейсенбай

7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Марат домбыраның құлағын бұрап берді.

A) Құлағын  

8.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

A) Аштық - тоқтық

9. Сілтеу есімдіктерінің септелген түрін көрсетіңіз.

A) Соған, онысына

10. Болымсыз етістікті сөзді көрсетіңіз.

A) Оқымады

11.Қиыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.

A) Мен сөйлеймін

12.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.

A) Төрт

13. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді анықтаңыз. A) Екібастұз

14.Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз. A) Емделсе

15. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.

A) Қарармын

4,4(94 оценок)
Ответ:
sorokovilya
sorokovilya
03.05.2023

Махаббатсыз өмір бос...

Махаббат (сүйіспеншілік) – тіршіліктің негізгі тірегі.  Жалпы, менің ойымша, сүйіспеншілік – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Сүйіспеншілік ұғымының аясы өте кең. Айналамыздағы келеңсіз жағдайлар мен кедергілерді жеңуге көмектесетін де осы сүйіспеншілік. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Ендеше, сүйіспеншілікті өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты болайық!

4,4(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ