Қазақстанның кең байтақ дархан даласы әлі күнге дейін толық зерттелмеген, сыры ашылмаған құпияларға толы. Кең байтақ жеріміздің аумағында табиғаттың көз тартар небір құбылыстары мен қайталанбас өзіне тән ерекшеліктері бар. Солардың бірі «әнші құм» (кейбір деректерде Айғай құм) – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қо тұратын төбеге айналған.
«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғай құм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Кейбір деректерге сүйенсек, «Алтынемел» ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.
Ал енді бұл өңір неліктен «әнші құм» атанып кетті екен? Осыған тоқталып көрейік. Бұл құмның бір ерекшелігі – құрғақ күндері әуенді дыбыстар шығарады. Оның әуені бірнеше шақырымдарға жайылып, алыстан да естіліп тұрады.
Кейбір пікірлерге сүйенсек, құмның ұсақ бөлшектері бір-біріне үйкелген кезде осындай әуенді дыбыстар шығады екен: жеңіл самал жел шиқылдаған дыбыстар шығарса, қатты жел орган дыбысына ұқсас әуен шығарады. Алайда, желсіз күнде де құмның әуенін тыңдауға болады. Осы сиқырына байланысты, құм жайында көптеген аңыздар пайда болған. Құмның тағы бір ерекшелігі – ол басқа құмдар сияқты орнын ауыстырып, көшіп жүрмейді, керісінше, мыңдаған жылдар бойы Алтынемел аумағында, бір орында тұр.
Осындай табиғи ерекшелік әлемнің басқа жерінде жоқ деп айтсақ та болатын шығар. Тіпті кезінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан бұл табиғат ескерткішіне жолаушылар әдейілеп ат басын бұрған деседі.
Әр бала өз мектебін жақсы көреді және мектебімен мақтанады.Менде өз мектебіммен мақтанамын.Мектеп біздің екінші үйіміз.Ал мұғалім біздің екінші анамыз.Мектеп болмаса балалардың білім алатын мүмкіндігі болмас еді.Ал мұғалім болмаса адамдар білімнің не екенін білмес те еді.Мұғалім күні-түні оқушылары үшін аянбай еңбек етеді.тіпті отбасына қарайтын уақыты болмайды.Мұғалім бола салу оңай емес.Ол үшін қиын белестерден өтіп-көп оқу қажет.Білім барлығына қажет.Қазір дамыған заман болғандықтан,ешбір компания білімі жоқ адамды қабылдамайды.Сондықтан да көп оқым,көп ізденуіміз қажет!Ұстаз айтқан ақылын,үйреткен білімін миымызға сақтап алуымыз қажет."Ұстаздан шәкірт озар"-деген халқымыз.Сондықтан да ұстазды сыйлау біздің парызымыз.Бала мектепке кішкентай шынашақтай болып кіріп таудай азамат болып шығады.Мектепте балалар тегін оқып,тегін кітаппен қамтамасыз етіліп,тегін ас ішуде.Мектепке қалайда барамын,білім аламын деп алға мақсат қою қажет.Білім алу біз үшін қажет.Ол біздің келешекте тауып жейтін нанымыз.Мектеп іші шуақпен тең.Ал мектептін ұстаздары раушан гүлімен тең!
Әнші құм