Основная мысль текста Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек жолы б.з.д. III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн секілді көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
От
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады. Жалқы есімдер бас әріптен жазылады.
Мысалы: Қазақстан Республикасы, Балқаш көлі, Бауыржан Момышұлы, "Балдырған" журналы т.б.
Тәуелдік жалғау – сөзді қатынасқа түсіретін қосымшаның бір түрі. Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді ( меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат 3 жақтың біріне меншікті болып тұрады. Сол себепті,тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. Мысалы:
Жекеше түрі
І жақ–ым, -ім, -м
ІІ жақ-ың, -ің, -ң
-ыңыз,-іңіз,-ңыз,-ңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ-мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ – тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ-сы, -сі, -ы, -і.
Менің кітабым
Сенің кітабың
Сіздің кітабыңыз
Оның кітабы
Біздің кітабымыз
Сендердің кітаптарың
Сіздердің кітаптарыңыз
Олардың кітаптары