Таным -дерек «Зар заман» өлеңі сол дәуірдің шындығын бейнеледі.Заманымның кері кетуін,халқымның жақсы қасиетін жоғалта бастауын жүрегімен сезіп жырлады.Бұл өлеңді оқып отырып,ақын өзі өмір сүрген заманды өткен күнмен салыстырып,адамдардың мінез-құлықтарының өзгеруін, қайыры жоқ байлардың шығуын, ақшаның мал орнына жүргенін,заманының зарлығын, тарлығын өлеңіне өрнек еткеніне куә болдық.Сосын бәрінен түңілген ақын:
Мына заман қай заман?
Азулыға бар заман,
Азусыз тар заман.
Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер:
«Пәле-жала жерге енсін!
Төрт түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.