Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
хабарландыру ! сәлеметсіздер ме! кеше мен күшігімді жоғалтып алдым ! бүгіннен бастап іздеу салынуда. күшігімнің түсі қоңырқай, өзі кішкентай, оң жақ құлағы мен алдыңғы екі табаны ақ түсті, ұрғашы, аты мұқтар атын атап шақырса бірден жүйткіп келеді. осы секілді күшік байқасаңыздар өтініш бірден твой номер 87... осы нөмерге соғуларыңызды сұраймын. мынау менің нөмерім және менің аты жөнім твой имя осы. тауып Берген кісіге анайы сыйлығымыз бар. мына хабарламаны оқып уақыт бөлгендеріңізге алғысымыз шексіз. сіздерге рақмет!