Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын...
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді,
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым,
Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақын тойына кімді шақырады?
Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
Автор бойындағы қасиеттерді
жазыңыз
2. «Досы көпті жау алмайды...» деген пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше аргумент ұсыныңыз.
Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу м)
Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымд.м)
Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипатт)