ПОЖЕ ДАЛ 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыз. Нұсқаларды салыстырыңыз. ( Внимательно прочитайте текст и продолжите рассказ дальше. Напишите. Сравните варианты)
1. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
2. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын. https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/562/
1-тапсырма
1 нұсқа (вариант)
2 нұсқа (вариант)
Вот тебе два текста в них ищи ответы
1)Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Шыңғыс Айтматовтың балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарында өтеді. Сондықтан ол өз өмірінде көрген шындықтарға сүйенеді. Жазушы шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмір шындығын, қарапайым еңбек, шаруашылық
адамдарының өмірін суреттеген. Оны жазушының өзі: «Бетпе-бет», «Ана – жер-ана», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» сияқты повестерде көрсетуге тырыстым» - дейді.
2)Шыңғыс Айтматовтың еңбектері әлемнің 100-ден астам тілдеріне, оның ішіне қазақ,
ағылшын, араб, француз, неміс, жапон, парсы, түрік тілдеріне аударылған.
«Ана – Жер-ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен қиындықты
баяндайды. Онда бір отбасының тағдыры суреттеледі. Повестің негізгі кейіпкері –
Толғанай.Оның жұбайы мен 3 ұлы соғыста қайтыс болады. Одан кейін келіні қайтыс
болады. Сүйікті ана, бақытты жар болған Толғанай жалғыз қалады. Бірақ ол өмірден
түңілмейді. Толғанай өзінің өмірі, қуанышы мен қайғысын Жер-анаға айтады. Себебі
Жер-ана. Жер барша адамзаттың анасы, асырап-сақтаушысы. Жер-ана Толғанайға күш,
жігер береді. Толғанай Ұлы Отан соғысы кезінде қиындық көрген барлық аналардың
жинақталған бейнесі.