М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Caxap03
Caxap03
25.01.2022 09:58 •  Қазақ тiлi

Он тоғызыншы қара сөзін тыңдаңдар, Көтерілген мәселені, негізгі ойды анықтап жазыңдар

👇
Ответ:

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

4,4(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
svetakurilova
svetakurilova
25.01.2022
Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (2-қаңтар, 1978 жыл, Арқат ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) - ақын, аға оқытушы, тележүргізуші. Шалқар радиосының директоры

Қалқаман Сарин портреті

Өмірбаяны

Ол 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы орта мектепті, 1998 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген. 2001 - 2003 жылдар аспирантураны тәмәмдаған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында оқытушылық қызмет атқарған. «Жібек сезім Жүрек сөзім» деп аталатын өлеңдеріне жазылған әндер мен өлеңдерінің авторлық үнта шығарған. Ел ішіне кеңінен танылған «Қызыма», «Күзгі бақ», «Жібек сезім» т.б. ән мәтіндерін жазған.

Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафердрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады. Қазақстандық арналардағы "Кеш емес", "Ой-толғам" хабарларының жүргізушісі болған.

Жетістіктері

Бірнеше Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі», "Құс жолындағы керуен" атты жыр жинақтарының авторы.
4,5(47 оценок)
Ответ:
Вейпер228
Вейпер228
25.01.2022
Мен Ақтөбе қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Ақтөбе Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Ақтөбем!
4,4(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ