М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vfeukb59Pavek
vfeukb59Pavek
03.06.2020 05:24 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі бойынша «Екіжакты күнделік» кестесін пайдаланып өзімізге әсер еткен шумақтарды талдаңыздар.
Неліктен ол маған әсер етті?
Осы өлеңнен маған әсер
еткен шумағы​

👇
Ответ:
mama28163001
mama28163001
03.06.2020

Абай Құнанбайұлының 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай Құнанбайұлы әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді. Сын мен пікірін нақтылай айтуға ойысқан. Мұхтар Әуезовтың айтуынша, бұл өлең Абайдың «тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Мұны ақындық жайында өзгеше мәні бар өлең деп ұғынуымыз керек». Оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба көрсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақындардың, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссаларжазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап елім тілеп» дегенде Шәкәрім Құдайбердіұлының заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған. Ақын өлең сөзді кімге арнауды, кімге айтуды ескертеді: тасырға айтпай, «кеңіл көзі ашық, кекірегі сөзімді», сергек те талаптыларға айтуды қалайды. Оның өсиеті - күле тыңдаған парықсыздарға сөзіңді қор қылма! «Қызшыл», «қызықшыл» әуейілерге жолама! Арсыздық пен ақылсыздықтан, шаруасыздық пен маскүнемдіктен аулақ бол! Мұның үстіне Абай бұрынғы «сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел» деп жалпылай айтқан ақылын аша түскен. Түзелу үшін не істеу керектігін керсеткен. Оқырмандарына өлең-жырды жұртқа ақыл айтып, кеңес берудің, үлгі-өнеге көрсетудің, қырсық, қиянатқа қарсы күресудің қүралы деп ұқтырған. Жақсы сөзді жастай тыңдап жаттық, әсері қызыл сөзге құлай қалма, сөздің сыртына сенбе, ішіне үңіл, мазмұнын біл, оның мәні тереңін ізде, сөздің қадір-қасиетін сонда ұғасың деп кеңес береді. Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Ұйқасы -б, -а, -а, -в, -а, -г, -а болып келеді. Текстологиялық зерттеулер барысында Мүрсейіт қолжазбасындағы 2-шумақтың 5-жолындағы «сөзіңді ұқпай» деген тіркес 1909 жылғы жинақ негізінде «айтқанды ұқпай», 3-шумақтың 6-жолындағы «ойы терең» деген тіркес «түбі терең» делініп ауыстырылған. Ал жинақтағы 3-шумақтың 3-жолындағы «елде кәрі» деген тіркес Мүрсейіт жазбасына сәйкес «кәрілікті» деп өзгертілген. Мүрсейіт қолжазбаларындағы 4 шумақтың соңғы жолындағы «қиналмай» сөзі 1909 жылғы басылым негізінде «қинамай» болып алынған. Ал 1909 жылғы жинақта жоқ: «Сәнқой, даңққой, ойнасшы, керім-кер- бөз», «Қанша қызық болады өзіңізге?» деген жолдар Мүрсейіт жазбаларынан алынып, кейінгі басылымдарға енгізілген. Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1]

4,7(71 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
RaNoM
RaNoM
03.06.2020

ВСЕ НОВОСТИ

Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық

 14 июля 2017, 11:45

 

 

 Бейсен Ахметұлы

    



Діни және тарихи киелі орын саналатын Түркістанды әлемдік туризм Меккесіне айналдыра аламыз ба? Не кедергі? Үкімет неге құлықсыз?

"Екінші Мекке" атанған қасиетті өлке

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.

Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.

Түркістан – Әбу-Ханифа мәзхабын ұстанған түркі жұртының қасиетті діни орталығы саналды. Әсіресе, Қожа Ахмет Яссауи қалыптастырған сопылық ағым осы Түркістан арқылы әлемге тарады.

Сопылық – даналық жолы ретінде Аллаға құлшылықтың діни мистикалық бағыты болып қалыптасты. Ниет пен амалдың тәбиғи тазалыққа құрылған мистикалық бағытын жан мен тәннің тәрбиесін, Құдайдың құдіретін жүрек көзімен көруге жетелеген қарапайым таныммен түркі жұртын тоғыстырар идеялогия ретінде түсіндірілді. Осылайша Яссауи жолын қуған тарихатшылар адамзат әлемінің даналыққа бастар бекеті ретінде танылды.

4,6(8 оценок)
Ответ:

Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет.Меніңше дизайнер болу менің қолымнан келеді.Бұл – өте қиын әрі күрделі кәсіп. Мәселе қомақты қаржыда да емес.Дизайнер, ең алдымен, стратег болуы керек. Бұл өзі шахмат ойыны сияқты нәрсе. Қандай жүріс жасайтының анық болуы тиіс. Не керек екенін білу және тез шешім қабылдай алу да аса маңызды.Дизайнер болу өте күрделі кәсіп. Дизайнер ең алдымен стратег болуы қажет. Ол шахматқа ұқсас. Дизайнер болу үлкен еңбекті талап етеді. Егерде дизайнер болсаң әдемі әрі сапалыөткізуің қажет. Ал бұл әр бір адамның қолынан келе бермейді. Бірақ менің қолынан келеді.Себебі бұл менің арманым

Сән әлемінде жетістікке жету үшін аянбай еңбек етемін.. Әркімнің өсу, өркендеу жолы әртүрлі. Бәріне ортақ бір талап жоқ деуге де болады. Әркім өзінің өсу жолын өзі таңдайды. Біреулер, мәселен, сән әлеміне қатысты журналдарда стилист болып жұмыс істейді. Енді біреулер жеке тапсырыстар негізінде үй-үйді аралап, қызмет көрсете жүріп, үлкен жетістікке жетуі мүмкін. Қалай болғанда да, бұл – шығармашылық. Шығармашылық болғаннан кейін оның басты шарты – әркімнің өз қолтаңбасының болуы. Сондықтан мен бұл өмірде өз қолтаңбамды қалдырып.басқалардан айырмашылығым бар екенін көрсеткім келеді.

4,7(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ