Матасу.
1. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.
2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.
Мысалы: Сенбілікте біраз жаңа ағаштар отырғызылып, қалған ағаштардың түптері әктелді.
Ауыл тұрғындары барлық мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
Қабысу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.
Мысалы: Ағам ата - анамның мерейтойына алтын сағат сыйлаған болатын.
Үйірмемізде қызықты оқиғалар жиі болып тұрады.
Жанасу.
Сөздердің ешбір жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеу мен етістік жанаса байланысады.
Мысалы: Арман бұл жиналысқа ақпарат алу үшін әдейі келді.
Мен сол арқылы бұл әлеуметтік жоба туралы білдім.
Меңгеру.
Сөздердің ілік септіктен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.
Мысалы: Бұл сыйлықты мен құрбыма бердім.
Кішкене қарындасым ойнап жүріп суды төгіп тастады.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Зткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.