М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Урлатоп
Урлатоп
28.02.2021 16:33 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқыңдар. Мәтін мазмұнын 5-6 сөйлеммен қысқаша баяндаңыз. (Прочтите данный текст. Обобщите содержание текста в 5-6 предложениях.) (это текст )Әлемдік мұхиттың экологиялық проблемалары және тұщы су қорының таусылуы Біздің жер шарының үстіңгі қабатының 70%-дан астам көлемін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр, олар атмосфераға әсер етеді және пайдалы қазбалар мен тағам көздері болып табылады. Олар Жер жүйесінің ең өнімді экологиялық жүйесі болып табылады да бүкіләлемдік балық аулау кәсібінің 80%-ын қамтамасыз етеді. Мұхит планетадағы өмірдің бесігі және оның экологиялық негізі. Планетаның бір тұрғынына орта есеппен алғанда 311 млн. тонна шамасында су мөлшерінен келеді. Атмосфераның газдық балансындағы әлемдік мұхит фитопланктондарының рөлі жоғары. Ол – оттегінің негізгі көзі. Заманымыздың аса ірі проблемаларының бірі — антропогендік әсердің салдарынан көміртегі циклінің қалыптан тыс ғаламдық бұзылуының орын алуы. Биосфераға антропогендік іс-әрекеттер барысында түсетін С02-ні мұхиттағы тірі ағзалар сіңіреді. Әлемдік мұхиттың адамзат өміріндегі рөлі сан алуан. Ол орта түзуші, кәсіпштік, шикізаттық, рекреациялық, көлік және т.б. қызметтерді атқарады. Әлемдік мұхиттың маңызын қарастыра отырып, балық аулау және теңіз кәсіптерінің маңызды рөл атқаратынын көреміз, олардан түсетін жылдық табыстың көлемі 55 млрд. доллардан асады. Кеме көліктері атқаратын халықаралық сауда қызметтерінің жылдық мөлшері жылына 150 млрд. доллардан асады. Ол теңіз көлік қызметі динамикасының жоғары деңгейімен және салыстырмалы түрде төмен құнымен ерекшеленеді. Теңіздер мен мұхиттар — бүкіл адамзаттың игілігі, бұл игілікті сақтау көбіне табысты халықаралық ынтымақтастыққа тәуелді. Бір өкініштісі, бірнеше елдерден ағып өтетін ірі өзендер мен теңіздерді қорғау жөніндегі халықаралық келісімдерді ратификациялау және бақылау жұмыстарында кездесетін қиындықтар аз емес. Тұщы су қорларының азаюы да маңызды мәселе. Бұл мәселелер ЮНЕСКО-да қарастырылады

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Rodionok2341
Rodionok2341
28.02.2021

Еңбек, кәсіп туралы.

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

Кәсіп таңдаудағы негізгі мақсат – өзіңе ұнайтын жұмыспен айналысып, еңбегіңнің жемісін көру.

«Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» демекші, өзіңе ұнайтын өмірлік кәсіп тауып, сол еңбегіңнің жемісін көрсең, өзіңді бақытты сезінесің. Себебі еңбегің еленеді, сол арқылы ақша тауып, несібелі боласың.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

4,7(67 оценок)
Ответ:
Саша12811
Саша12811
28.02.2021

Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.

Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

шимайторсық,

өркешторсық,

жанторсық,

мүйізторсық, т.б. Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.

Дастарқан — ас қоюға арналған мата төсеніш. Дастарқанды кейде "асжаулық" деп те атайды. Дастарқан сол үшін көбінесе ашық түсті не гүлді маталардан көлемі әртүрлі етіп тігіледі. Дастарқанның жиегін қайырып сыриды, сәнді болуы үшін шашақ тағады. Қазіргі кезде көбіне клеенкадан жасалған дастарқан пайдаланылады.

4,4(47 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ