Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады
Сноубординг (ағылш. Snowboarding) — олимпиядалық спорт түрі. U-тәрізді хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға қарай шапшаң сырғанаудан тұрады.
Әлем Чемпионаты кезіндеСноубордистер не арнайы құрастырылған хафпайпта, не қарлы тау бөктерінде жарысады.Хайфпайппен жарысқа қатысушылар мақсаты - бес төрешінің алдында акробатикалық айла-тәсілдерді орындаған уақытта өз тақтайында қалу.Төрешілердің үшеуі айла-тәсілдерді бағалайды, ал қалған екеуі бірден онға дейін жалпы жаттығулар үшін бағалар қояды.Әрбір сноубордиске оның төрешілерді таңқалдырып үлгеруі және ұпай жинау үшін екі түсу мүмкіндігі беріледі.Сноубордкросс және слаломда мәре сызығын бірінші болып кесетін не мәреге ең аз уақытта келетін спортшы ұтады.Сноубордкроста жарысқа қатысушыларға бірін-бірі итеруге немесе қарсыластарды трассадан итеріп жіберуге тыйым салынады.Алып слаломда сайыстар жүріп өтулерге бөлінген. Бірінші жүріп өтуде құлайтын, қақпаларды өткізіп алатын немесе мәреге жете алмайтын ойыншылар айыптық уақыт алады