М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
marina0510251
marina0510251
21.01.2020 10:34 •  Қазақ тiлi

Хиуаз Доспанова туралы малимет

👇
Ответ:
zeynab97
zeynab97
21.01.2020

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы—21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды.

Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: "Мен мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Қаламызда ұшқыштар дайындайтын курс ашылған болатын. Соған оқушылар іздеп келгенде, ешкім жазыла қоймады. Мен орнымнан атып тұрып, мені жазыңыздар дедім. Содан кейін біртіндеп басқалар да жазыла бастады. Сөйтіп ойда-жоқта осы мамандықты игеруге тура келді.

1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады.

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.

2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

4,8(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
НИК211111
НИК211111
21.01.2020
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
- Уәзірлерім! Сендер қырқың да, асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы гой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, сірә, осы болар-ау», - деп тұрганда, әлгі адам:
- Уа, мырзалар, жол болсын! - деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады. Жаман тұрып:
- Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді.
- Олай болса, жарайды, - деп, Жаманды атына мінгестіріп алып ханға жөнеледі. Ханға келе жатып, Жаман:
- Адамның жаманын тауып алдыңыздар, бірақ шөптің жаманы мен құстың жаманын таба алмаған екенсіңдер. Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан еді, - деп, уәзірлерге қырғауыл мен шеңгелді тастатып, олардың орнына қарақоға мен сауысқанды алдырған. Уәзірлер мәнісін сұрайын деп еді:
- Хан алдында айтамын, - деп Жаман сөйлемеді. Уәзірлер келген соң, хан әкелген адамға қарап:
- Әкелген адамдарың жарайды. Қазірге аспазшыға апарып беріңдер, көже мен нан берсін, сыйласын. Ертең ортаға алып, тамаша етеміз, - деп, Жаманды ас үйге жібертеді.
- Бірақ, - дейді хан, - құстың жаманы мен шөптің жаманын таба алмаған екенсіңдер. Құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы шеңгел еді. Осыны көре, бұларды әкелулеріңнің не жөні бар еді? - деп, хан уәзірлерге қатулана бастайды. Сонда уәзірлер:
- Тақсыр! Айтқаныңыз дұрыс! Біз, шөп жаманы деп - шеңгелді, құс жаманы деп - қырғауылды алып едік. Бірақ жолшыбай әлгі жаман: «Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан», - деп, бізге оларды тастатып, қарақоға мен сауысқанды алдырды, - деп, жауап береді. Хан тоқтаңқырап:
- Е, Жаманның не білгені бар екен? Шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан біледі? Алып келіңіздер! Сұралық, - деп, бұйрық етеді. Жаманды ханға алып келеді. Хан Жаманның бетіне қарап:
Мен құстың жаманы - қырғауыл, шөптің жаманы - шеңгел деп ойлаушы едім, сен оларды уәзірлерге тастатыпсың. Сен шөптің жаманы - қарақоға, құстың жаманы - сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді.
- Тақсыр хан! Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», - деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрсем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін.
4,5(54 оценок)
Ответ:
AngelDarkness123
AngelDarkness123
21.01.2020

Начало XX века в Казахстане ознаменовалось ростом классового самосознания казахского народа. Национальное движение в казахском обществе было неоднородным, существовали его различные течения, ядром которых стала национальная интеллигенция. После революции 1905-1907 годов в Казахстане значительно активизировалась переселенческая политика, что привело к резкому обострению аграрного вопроса, усилению колониализма и уже начало второго десятилетия XX века вновь ознаменовалось выступлениями трудящихся против национального и социального гнета.В годы первой мировой войны национально-освободительное движение казахов оформляется в три течения, сформировавших политические партии. Вокруг газеты «Казах» группируется наиболее значительная часть патриотически-настроенной интеллигенции, выступающей за автономию Казахстана и проведении в крае прогрессивных реформ. Эта группа позже оформилась в партию «Алаш».

Объяснение:

4,6(24 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ