Сабақтың тақырыбы: Өздік етіс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістерді түсіндіре отырып, етістің бір түрі өздік етісті түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен өздік етісті таба білу.
Тәрбиелік: өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру.
Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгінгі күннің ретін жазу.
Жаңа сабақ:
Қимылдың, іс - әрекеттің орындаушыға, яғни қимыл иесінің істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы: Ол жуынды. Ол баласына кітап оқытты. деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің өзіне қарай бағыттылғанын, оқу іс - әрекеті тікелей қимыл иесі(ол) арқылы емес, екінші бір иесі арқылы орындалғандығын білдіріп, ол мағыналар түбірге
– ын,- т,- ыл,, ыс жұрнақтары арқылы берілген.
Етістер төрт түрге бөлінеді:
1. Өздік етіс
2. Өзгелік етіс
3. Ырықсыз етіс
4. Ортақ етіс
Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт - қыз - ба, ки - ін - бе, сөйле - с - пе, т. б.
Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
Жаттығумен жұмыс:
238 - жаттығу. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңдар.
Ора - н - ды, көр - ін - ді, сез - ін - ді, жасыр - ын - ды, қара - н - ды, сыла - н - ды, тазала - н - ды, сүрт - ін - ді, ки - ін - ді, сал - ын - ды...
239 - жаттығу. Көшіріп жазып, өздік етістің астын сызыңдар.
Сүй - ін - ді, ки - ін - ген, ки - ін - іп, бу - ын - ып, түр - ін - іп.
240 - жаттығу. Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына көңіл аударыңдар. Оларды мәтіннен теріп жазыңдар.
Көр - ін - ді, бүл - ін - ді, түй - ін - дік, тара - н - дық, қара - н - дық, ки - ін - іп, сый - ын - ып, без - ін - бей, ұр - ын - бай, тағ - ын - бай, жаста - н - бай, баста - н - бай...
Сабақты бекіту:
1. Етістің түрлерін ата.
2. Өздік етістің жұрнақтарын ата.
3. Мысал келтір.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
ответ:Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.
Объяснение:
Киіз үй — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы; Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.
Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүрді.
Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады
Объяснение:
жауабы осы