Ә) Өз пікіріңді айт. 1. Менің ойымша, күнделікте бір күнгі оқиға жазылады.
2. Меніңше, күнделікті күнде жазбауға болады. Онда тек
маңызды оқиғаларды жазуға болады.
3. Менің түсінгенім – күнделіктe уақыт көрсетіледі.
4. Менің ойымша, күнделікке өз құпияңды жазуға
болады.
5. Сенің ойыңша, күнделікті жазудың ережесі бар ма?
Сөйлесейік
Қазақстан Республикасында өте көп мықты да салмақты спортшылар бар. Олар бүкіл әлем бойынша әйгілі. Солардың ішіндегі ең сүйікті және мақтан тұтатын спортшым, ол – Геннадий Головкин. Ол Қазақстан Республикасының намысын бірталай қорғаған танымал боксшы. Ол көптеген жүлделерге ие. Ол жас болса да, халықаралық турнирлер мен Олимпиада ойындарының жүлдегері. Мен оны бокс спортының орташа салмағының чемпионы және шебері деп білемін. Біздің бар спортшыларымыз дәл Геннадийдей болса екен деп армандаймын.