Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған.
Бір құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық , Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Істің болар қайыры Бастасаңыз аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Мал дәулеттің байлығы, Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы, Күннен-күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған. Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған... Өнер-білім бәрі де Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Надандықтын белгісі – Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас. Аяңшыл ат арымас, Білім деген қарымас... Жөн білмеген наданға Қыдыр ата дарымас. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқу деген шыны-ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Әлпештеген ата-ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата-енең қартайса – Тіреу болар бұл оқу, Қартайғанда мал тайса Сүйеу болар бұл оқу. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқу білген таниды Бір жаратқан құдайды, Танымаған құдайды Не қылғанда ұнайды? Шырағым абай болғай деп, Ата-енең жылайды, Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды.
ответ:Там есть ответ в знаниях
Объяснение: