М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
uhanovauliana05
uhanovauliana05
28.11.2021 07:04 •  Қазақ тiлi

Дүние қалай етсен табылады Антоннын образын сипаттама жасауға көмектесініздерш 2 образ кедей және купец ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Muna222
Muna222
28.11.2021
Ана тілінің маңызы туралы көп сөз жай айтылмаған. Ана тілі жанымыздың, жүрегіміздің тілі. Тіл жоғалса- халық та жоғалады. Менің туған тілім қазақ тілі, ежелгі көшпенділер тілі. Бұнда қазақ халқының мәдениеті, оның ерекшелігі, тарихи өсуі көрінеді. Тіл- халықтың мінезі, естелігі, тарихы, рухани ірілігі. Онда салт-дәстүрлер, халық тіршілігі, ақылы, тәжірибесі сұлулығы мен жанының күші бар.Менің тілімнің тарихы халқымның тарихынан ажырамайды. Ұлттық тілдің білімі және өсуі - күрделі, ұзақ процесс. Мыңдаған жылдар бұл тіл қалыптасты, осы уақытта халықтың басты байлығына айналу үшін. Қазақ тілі өзінің әуенімен, жанға жайлылығымен ерекшеленеді. Қазақ тілінің сөз қоры
(екі миллионнан астам), әр түрлі синонимдері мол. Осының бәрі тілдің қуаттылығы мен байлығын білдіреді. Қазақ тілі-әдебиеттің, халық әндерінің, аңыздардың тілі. Қазақстан жері әдеби таланттарға:  ақындар, жазушылар, драматургтарға бай. Олардың барлығы тілдің дамуына үлес қосты.
Ана тілі-әр адамның өмірінде маңызды, сен осы тілде алғашқы  сөздеріңді айттың, оқыйсың, жазасың, ойлайсың, бұл сені туған халқыңмен еліңмен жақындастырады. Туылғаннан бастап кәртейгенге дейін адам өмірі ана тілімен байланысты. Өмірдегі ең таңғаларлық зат -тіл. Тілмен емдеуге болады, жаралауға, жұбатуға, сендіруге, қуаттандыруға болады. Оның ішінде бұл сөз ана тілінде айтылса. Сөз адам алдында бүкіл дүниедегі, әлемдегікөз жетпейтін мүмкіншіліктерді  ашады. Кітап беттері арқылы және әңмілесуден адам  әлі көрмеген істерді біледі. Алыстағы жағалаулар, шет елдер, тексерілмеген жерлер көрген болады. Осының бәрі тілдің арқасы.
Артқа бұрылып, болашаққа көз тастап, біз ана тіліміз барлық байлықтан артық екенің ұғуымыз керек.
4,4(73 оценок)
Ответ:
Katekate2001lol
Katekate2001lol
28.11.2021

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.

Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.

Мәтін[өңдеу]Қазақстан әнұраны1.  Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны (1943—1992)2.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (1992—2006)3.  Менің Қазақстаным (2006 жылдан бастап)

Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Қазақ КСР әнұраны[өңдеу]Толық мақаласы: Қазақ КСР әнұраны

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.[2]Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.[3].

1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны[өңдеу]

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.


4,7(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ