М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tflash191
tflash191
31.10.2020 10:16 •  Қазақ тiлi

3) Мәтіннен қандай ой түйдіңіз? Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды. «Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді. Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупы бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, БатысАлтай, Алматы, Марқа көл, Ала көл, Қара тау. чс

👇
Ответ:
sonya19oo
sonya19oo
31.10.2020

Менің түсінгенім:қазіргі таңда көп адамзат қызыл кітапқа ең ген жануарларды атуда! Біз өз отанымызды,жануарларымызды аялау керекпіз.

4,7(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
TBONBATYA
TBONBATYA
31.10.2020

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

4,8(71 оценок)
Ответ:

1. Сөздіктердің түрлері өте көп.

1) энциклопедиялық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктерде белгілі бір салаға қатысты ұғым, дерек, зат, құбылыстар сипатталады.

2) лингвистикалық сөздіктер әліпбилік тәртіппен белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат тұтады. Мұндай сөздіктер әдеби тілдің әбден қалыптасып, халықтың тіл мәдениеті кемелденген тұста, сөз байлығын нормалық тұрғыдан сипаттау қажеттілігі туындаған жағдайда жасалады. Лингвистикалық сөздіктердің бірнеше түрлері бар: екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер, т.б.

3) Аударма сөздіктер бір тілдегі сөздерді басқа тілдің балама сөздерімен беріп, ұлттар арасында сөз алмасу үрдісін, өзара қарым-қатынас жасауды дамытады.

4) түсіндірме сөздіктер сөздердің лексика-грамматикалық сипатын, экспрессивті-эмоционалды бояуын танытып, маңызды ақпараттық дереккөзін сақтаған рухани қазына ретінде қабылданады.

5) Синонимдер сөздігі сөздің экспрессивті-стилистикикалық реңі мен мағынасын сол сөзге мағынасы жағынан жуық келетін басқа бір сөзбен түсіндіріп, синонимдік шоғыр жиынтығын құрайды. 6) Омонимдер сөздік тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сөздерді, ал антонимдер сөздігі мағыналары қарама-қарсы сөздерді қамтиды. Фразеологиялық сөздіктер тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, фразеологизмдер) мағынасын түсіндіріп, стилистик. сипатын айқындайды. Этимологиялық сөздіктер жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, ал орфоэпиялық сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді

Лингвоелтану сөздігі белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық ерекшеліктерін сипаттайды. Топонимикалық сөздіктер жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын қолдану ерекшелігін тануға арналған. Мұнан басқа да диалектологиялық, ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік түрлері бар. Техниканың дамуына байланысты сөздік түзудің компьютерлік технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық сөздіктер бар.

2. Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.

Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.

3. Отан туралы мақал-мәтелдер

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Отан оттан да ыстық.

Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Отан елдің анасы, ел-ердің анасы.

Отанды сүю-отбасынан басталады.

4,6(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ