М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ANT1XA1P
ANT1XA1P
02.04.2020 05:38 •  Қазақ тiлi

Кросс И. Online Me
onlinemektep.org scheduled one
Шалқар көлінің маңызы
Шалқар көлі айналасына X ғасырдың өзінде елді
мекендер мен қалалар орналасқан. Әртүрлі кезеңдерде
көпестер, миссионерлер қонақ болған. Бүгінде Шалқар
көлі Батыс Қазақстан облысы мен көршілес
мемлекеттерге шипалы көл ретінде танымал. Көл
түбінде түрлі жарақаттар мен ауруларға ем болатын
тұзды сор, балшық бар.
Көлдің ауданы 205,8 км2, ұзындығы 18,4 км алып жатыр.
Көлдің ең енді жері 14,7 км-ге созылған. Солтүстік,
оңтүстік-батыс бөліктерінде жағалаулары жатық болса,
қалған жерлерінде жағалау жарқабақты болып келеді.
Жарқабақтардың биіктігі 3-10 метрге дейін жетеді.
Шалқар көліне Шолақаңқаты, Есенаққаты өзендері
құяды. Солянка өзенінің деңгейі 15,5м көтеріліп
тасыған кезде осы Шалқар көліне құяды. Шалқар көлі
минералдарға аса бай және теңіз суларымен құрамы
бірдей болып келеді. Оның құрамында тұзды қышқыл,
кальций гидрокарбонат, магний бар.
Көлді аққу, қаз, үйрек, қоқиқаз, шағала, бірқазан
мекендейді. Бұл көлден мал суарылады, балық ауланады.
Жергілікті тұрғындар Шалқарды «Кіші теңіз» деп те
атайды. Өйткені ол «Каспий теңізінің» жұрнағы деп
танылады.
салқын
жылы
құрғақ
жатық​

👇
Ответ:
Кндр15
Кндр15
02.04.2020

жатық

Объяснение:

проверенно в онлайн мектеп

4,7(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
148625
148625
02.04.2020

1-билет

Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді

Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.

Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.

Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.

Фонетикалық талдау:

Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты

Х-д-сыз, қатаң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Б-д-сыз, ұяң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Р-д-сыз, үнді

Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты

Ж-д-сыз, ұяң

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Ң-д-сыз, үнді

А-Д-ты, жуан, ашық, езулік

Л-д-сыз, үнді

Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік

Қ-д-сыз, қатаң

2-билет

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.

Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.

3-билет

Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.

Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.

Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.

4,4(2 оценок)
Ответ:
Cказочник
Cказочник
02.04.2020

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.

Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады. Барлық адам асқақ арман мен биік мақсатқа ие. Әрбірінің өз бағыты, арман қылған бағындырар биігі болады. Ал биік шың адамға оңайлықпен беріспесі анық.

Кемеңгер дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан»,-деген қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын арман болмайды.

Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым.

Осы сұрақтың жауабы ұстаздық сала еді. Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.

Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек.

Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.

Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін.

Мен таңдаған мамандық –тарих пәні мұғалімі болу. Мектепте тарихты сүйіп оқитынмын. Оқушыларға қызықты ойындармен сабақ түсіндіріп, тарихты әңгімелеуді қызығып армандайтын едім. Арманыма қол жеткізіп ұстаз атандым. Қазіргі уақытта осы ұстаздық саланы ту етіп, жұмыс жасап жатқаныма екі жылдай болды.

Мамандығым өзімме қатты ұнайды.

Біріншіден — өз мамандығымды сүйем, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш.

Екіншіден – шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Бүгінде осы мен таңдаған тарихшы мамандығының тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

4,6(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ