сор по каз надо сегодня здать Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше қызығушылық танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді.
Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
1-тапсырма. Тест тапсырмасын орындаңыз
1. Мәтін стилін анықтаңыз
А. өтініш
В. жарнама
С. хабарлама
D. хат
2. Мәтін кімге арналып жазылған?
А. Ағасына
В. Досына
С. Көршісіне
D. Сыныптасына
3. Мәтінде қандай тарихи оқиға туралы айтылған?
А. Кирдің амалы
В. Сақтардың шабуылы
С. Парсылардың ерлігі
D. Тұмардың жеңісі
4. «Соғыс» сөзінің синонимін анықтаңыз
А. Тұтқын
В. Шайқас
С. Батыр
D. Әскер
5. «кейін шегінеді» сөзінің антонмін анықтаңыз
А. қазақ болады
В. тұтқынға алады
С. шабуыл жасайды
D. артқа кетеді
2-тапсырма. Мәтіннен кем дегенде екі сұрау және екі сілтеу есімдікті сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Сұрау
Сілтеу
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозшылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. О да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі. Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі біртүрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып:
– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:
– Е-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ–Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.
Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. … Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей сақтап жүрген зейініне таңғалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп–Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. Әндетіп, мақамдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.