Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Атақты мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өзінің жобасы үшін діни жаққа қатысы жоқ пошымды арнайы таңдап алды. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді.Бейбітшілік және келісім пирамидасы – бұл Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Әлемде барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт қана пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар солай деп айтқан. Пирамида, қатты және қырлы, бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан бүкіл әлемде жоқ.
Қыс. Барлық адам бұл кезде үйді-үйлеріне жетуге асығып, қыстың ертегідей сұлулығын байқамайды. Үйге барсам жұмысқа, жұмысқа келсем үйге асығып отыратынымның себебі не екен? Мүмкін тоңғанды қаламайтын шығармын, ал мүмкін бұл мезгілдің кереметтігін жаныммен сезініп, түнгі Алматының ару жүзін көруге асығармын. Ақ мамыққа оранған саябақтарында серуенге шығудың өзі – поэзия. Әсіресе жалғыз. Сол, балалық шақтағы апамның айтқан пеш түбіндегі ертегілер шығар? Сол ертегілердің кейіпкері болып, таңғажайып қиял әлеміне еніп кеткен сәттерімді сағыну шығар? Әйтеуір, Жаңа жыл келгенше бір ғажапты күтемін де жүремін. Кейде ойлаймын, неге тез есейдім деп. Мамыражай сәттерде, майшамның жарығымен қабырғаға әр түрлі жануардың бейнесін салып, оны бір-бірімізге көрсетіп отыратын көңілді кештер-ай. Пештің сексеуілді қыздырып, гүрілдеп тұрған сәті ол кезде бір құбыжықтай көрінетін. Құрақ көрпеге тығылып алып, ертеңгі күнді ертегі әлемдей елестетуші едік-ай. Әжем қыс туралы қиял әлемім сақталған әңгімесін өзімен бірге әкетіпті. Кейде әжеме ренжимін...