Астана – барлық Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі. Астана келбеті, оның жарқын суреті ойымнан еш кетер емес. Өзімнің кішкентай күнімнен Отаныма деген махаббатым шексіз, сағыныштан жүрегім дүрс-дүрс соғады.
Әр жыл сайын жазғы демалысымда қаланың өзгерген келбетіне таң қаламын. Кейде осындай байтақ, бақытты елдің ұланы болғаныма, ұлтымның қазақ болғанына қатты қуанамын.
Елордаға барған әр бала ең алдымен «Бәйтерекке» көтеріліп, Елбасының қолтаңбасына алақан түйістіріп, арман-тілегімен Елбасымен амандасады. Бәйтерек – болашағы жарқын, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің символы.
Дүние жүзінде теңдесі жоқ, ең сәулетті ғимарат. Мұнда келушілер шыны «шарда» орналасқан жарық әрі кең көру залына панорамалы лифт арқылы өтеді. Елбасының оң қолының алақаны тиген «Аялы алақан» композициясы осында орналасқан.
Біз осындай тәуелсіз, бірлігіміз жарасқан, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
1)күй атасы Құрманғазы
2)домбыра,қобыз,
3)Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген.
4)куйлер-балбырауын,адай,Көрұғлы
күйшілер-құрманғазы, Дәулеткерей Тәттімбет,Жантөре.
5)Иә, күй – қосыла алмай шерменде боп өткен қос жүректің өкініш пен өксікке толы үздіккен үні, қайғы-қасіретке душар болса, зары мен мұңының, азаттық пен еркіндік (тәуелсіздік, егемендік емес) үшін қан кешіп, жан беріп, жан алысқан арпалысқа толы сәттерінің ең шебер, ең бір сырлы шежірешісі болып келген.Бұрынырақта Арал-Шалқар өңірінде ауылдағы ірілі-уақты той-томалақтарда, шал-шауқанның басы қосылып бір үйде мәслихат, мәжіліс құрып отырғанда солар ортаға ауылдың бір күйшісін алдыртып, күй тыңдайтын. Бұл аймақта екінің бірі дерлік не домбырамен ән салып, не күй тартатын. Сонда сол шалдардың ішіндегі ең бір әу деп ән салмайтыны, дың еткізіп домбыра тартпайтынының өзі (домбырада ойнайды емес) әлгі күйдің ырғағына беріліп, көзін тарс жұмып алып, анда-санда «беу, дүния-ай» деп қойып, енді бірде екпіндеткен, дауылдатқан, жауға қарсы аттандаған ереуіл күйлерге еліріп, отырған орнынан қопаңдап түрегеп кете жаздайтынын талай көргенбіз. Оның сырын енді ғана түсініп жүрміз. Сөйтсек, күй дегеніңіз қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жүрек лүпілінің жазбасы (кардиограммасы), жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы екен ғой.
міне осы оқиғадан кейін күйдің адамның сырласы екеніне көзімізді жеткізе аламыз.
берген жауабым қажетіңе жараса куаныштымын