М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mariyakohtuk
mariyakohtuk
06.06.2023 21:48 •  Қазақ тiлi

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті.

👇
Ответ:

Қай жаттуғу керек қаншасыншы сабағы айтсай

4,7(83 оценок)
Ответ:
shefer84
shefer84
06.06.2023

Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың ВЫЫ ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

Киіз үйдің көшіп-қонуға ыңғайлылығымен бірге жазда ауасы таза, салқын болады. Қос қабаттап киіз жапқан қазақ үйінде ертеде ата-бабаларымыз қыста да қыстап шыққан. Балшықтан соққан там үйлер бертінде отырықшыланып, егіншілікпен айналыса бастаған кезде (ХВЫЫЫ— ғ. екінші жартысынан) пайда болған.

Киіз үй; «Бөгде елдің мәдениетіне зер салғанда өзіміз пір тұтатын қасиетті ғана мойындап, бізде жоқтың бәріне мұрын шүйіру, сөйтіп ол халықты әлі балаң деп қарау — тарихшылар үшін аулақ жүретін методологиялық аберрация. Мәселен, Еуропа мен Алдыңғы Азияның халықтары цивилизацияға тұяқ іліктірісімен қалалар салып, көздің жауын алатын ғимараттарды дүниеге әкелді. Түркілер болса үй салмады, бақша баптамады, себебі олар қытымыр табиғат құрсауында отырып төңірегіндегі қылтанақ атаулыны аз уақытта отынға айналдырар еді. Алайда, әрі кең, әрі жылы, көш-қонға қолайлы киіз үйге қарағанда тас лашық пен балшығы баттасқан үйді қолайлы деп ешкім де дәлелін беземес. Табиғатпен тамырлас көшпелілер үшін мұндай киіз үйлерде тұру астамшылық емес, кажеттілік болған»,— деп жазыпты белгілі ғалым Л. Н. Гумилев. Ойды ой қозғайды, әйгілі ғалымның киіз үй көшпелілер үшін қажеттілік дәуінде сан тарау мағынаның өрісі жатыр. Қөпшілікке белгілі, біздің жыл санауымыздан әлденеше ғасырлар бұрын Евразияның мол отына тұнып тұрған байтақ даласында көшпелі өмір салты қалыптасты. Дамудың басқаша жолын «таңдау» бұл далада мүмкін емес еді. Бұл осынау табиғаты қытымыр болса да жері шүйгін ен даланың тылсымын түсініп, тілін табу ғана емес, сол дала төсінде аз ғана күш жұмсап мол өнім алудың, «қосымша өнімді әрі тез, әрі оңай түсірудің жедел шыңдалған өмір сүру тәсілі болатын. Былайша айтқанда, көшпелілердің тек қана өзіне тән өмір салты, өнім өндірісі қалыптасты. Жер төсін тырмалаған отырықшыларға қарағанда көшпелілердің өндірістік негізі әлде қайда берекелі болады. (Акишев). Біздің жыл санауымызға дейінгі ЫВ—ЫЫЫ ғасырлардың өзінде-ақ тек жылқы малының өзі төрт-бес мыңға жеткен байлар пайда бола бастады (Бичурин). Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күн-көріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Бұл ретте, киіз үйді а ң ұзына тарихында жасалған материалдық мұралардың ішіндегі бірегей айғақтардың бірі деп қарауға негіз мол.

Объяснение:

4,4(25 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Робобот1
Робобот1
06.06.2023
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
4,4(29 оценок)
Ответ:
kleyman200404
kleyman200404
06.06.2023
Балда́туралы (каз. Медеу) - биіктікте 1691 метрді над теңіздің деңгейінің Медеоның таудың тоғайлысында салып берген спорт кешен, вблизи Қазақстанның "оңтүстіктің астанасының" - Алматы қаласы.
на айтылмыш кезді Медео - ең биік таулы кешен арада әлемде үшін спорттың қысқы көріністері үшін мен жасанды мұзды дала ең үлкен аудан - 10,5 мың м². Высокогорье және ең мөлдір таудың суы мұздың құюы үшін биік нәтиженің табысына конькобежном спортта шін жатпай-тұрмай мында тағайынды 170 дүниежүзілік рекордтар болды.

Спорткомплекстің құрылысы 1949 жылдың күздігүні басталды, бірінші ресми жарыстар 1951 жылдың 4 ақпанының орындалды.

1990 жылы мұз айдынымда әлемнің чемпионаты ша мотожарыстарға мұзда еңсерілді.

Кейін ыдыра- СССР "Медео" құлдыра-, жарыс ұзақ уақыт емес еңсеріл-. Алайда 2003 жылы өткіздір-өткізу биік таулы спорткомплекстің толық техникалық реконструкция болды, ал 2010 жылға салу жоспарлан- жабық көлеңкені.

Мұз айдынымның мұзды даласының негізі қалыңдықпен метр 2,3 из құралады
4,7(24 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ