5-сынып Әдебиет БЖБ 2-тоқсан «Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз.
Кейіпкер портреті
(Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары
Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
Жапанға біткен жапырақ,
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген,
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор,
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық-жалын таратып,
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніне бал құйып,
Өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің,
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі, жетерсің.
2-тапсырма
Шығарма авторының бейнесін сипаттайтын түйінді ойыңызды бір сөйлеммен жеткізіңіз.
3-тапсырма
Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (70-80 сөз көлемінде) хат жазыңыз.
2. Арал теңізінде суы тартылып қалмады ма?
Суы азайғанмен Арал теңізінде тіршілік қайтадан жанданып келеді.
3.Арал теңізі балықшылары Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлерге теңіз балығынан жібергенін естіп пе едің?
4. Мен білмейді екенмін, сен Арал теңізі туралы ол әңгімені қайдан естідің?
5. Арал теңізі туралы атам маған көп әңгіме айтып берген, ал сен тұз шығатыны туралы білесің бе?
6. Кәдімгі ас тұзы Арал теңізінен шығады ма?
Ия, иодталған тұз шығарады.
7. Сенің Арал теңізін көргің келе ме, бірге барып қайтайық.?