М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lizench
lizench
29.10.2021 20:21 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып ,ондағы тірек сөздерді ,негізгі және қосымша ақпараттарды табыңыз. Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс

қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан

жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға

түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр

күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған

жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған

айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды

босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін

ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей

өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана

күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты

тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға

соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген еке

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Көзқарас

👇
Ответ:
akmallobanov
akmallobanov
29.10.2021

негызгы:екі достың біреуінің жаудың қолна тусуы

қосымша:нағыз дос

4,5(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zadojnov09
zadojnov09
29.10.2021

Ұлы Отан соғысының зардаптары.

«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс  ұмытылмастай ізін қалдырды.

Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

Соғыс жылдары Қазақстан сонымен қатар миллиондаған босқындарды қабылдап, қол ұшын соза білді, әрі майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Мен шығарманы Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:

Жаутаңдап қарап дала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір.

Хабарсыз ұлын сұрауға,

Жолыңды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар.

Көрдің бе ұлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар?

4,8(14 оценок)
Ответ:
SashaPoznavatel
SashaPoznavatel
29.10.2021
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды! Соғыс – күйретуші күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмаған ажал. Ұлы Отан соғысының зардаптары орасан зор. Соғыс кезінде талай адамдар жазықсыз өлтірілді.Кәсіп орындарға зардабы- адамдар санының азаюына байланысты еңбек өнімділігінінің азаюына әкелді.Соғыс кезінде атылған бомбалар табиғатқа өз зардаптарын тигізді. Адамдардың салған егіндері өспей талай шығынға,ашаршылыққа әкеп соқты.Талай балалар мүгедек болып туылды. Соғыста қаншама қалалар мен ауылдар ойран болды. Жан-жануарлардың азаюына да зардабын тигізді. 
4,7(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ