Қар жауды, алып, тазалауға, көрді, ұста, тарсылдатпай, тұрып, жүгірейік, созайық, көтеріп, қозғайық, болмайық, озбайық етістіктерін сөз құрамына қарай талдау. өтініш жасап бересіздер ме. рахмет
О, ғаламдағы ақыл иелері, мен бүгін сендерге өзім туралы айтқым келеді. Мен де сендер сияқты тіршілік иесімін. Мен адаммын, яғни Жаратушымыздың өзге тіршілік иелерінен артық жаратқан бір туындысымын. Мен адам болғаным үшін де, Өзіңе қарыздармын,- деймін мен Жаратушымызға. Біз өзіміз өмір сүріп отырған ортаны, яғни жерімізді, суымызды, ауамызды, жалпы барлық қоршаған ортамызды аялайық, қиянат жасамайық дегім келеді. Мен осы дүниенің кішкене бір бөлшегімін. Қаншама кішкене болсам да үлкен істер атқарғым келеді, адамзаттың жарқын болашағы үшін, өзімнен кейінгі ұрпақ үшін.
Қазақ ұлтының тілі - тарихы мен бүгіні және болашағы бар ұлттық құнды қазына. Ұлтсыз тіл жоқ, тілсіз сол тілде сӛйлейтін, сол тілді дамытатын, динамикалық прогресске ӛсіретін халық жоқ. Осы себепті қазақ халқының тағдыры да қазақ тілімен тікелей байланысты. Осы кезекте тӛртінші билік кӛзі болып табылатын бүгінгі таңда ең үлкен сұранысқа ие, ӛзекті бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Кез келген ұлттың тілі, жағдайы, әлеуметтегі ӛзгерісі сол ұлттың бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телехабарлардан, газет-журналдар тілінен кӛрініс табады. Ал телехабарлар тілі - кӛпшілік кӛрермен қауымға бағытталған, ой- санасына негізделген ауызша әдеби сӛйлеу тілі. Қоғамның жан-жақты дамуымен бірге тілдің сӛздік қоры мен жиынтығы, сонымен бірге структуралық құрамы да арта түсуде. Академик Мұхтар Әуезовтің айтқанына назар аударар болсақ: "Халық арасында небір жаңа сӛз, жаңа терминдер туып жатады, бұл - табиғи процесс. Солардың шала туғандары ӛліп, мезгілін біліп туғандары қанаттанып, азаматтық сӛздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сӛздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен де кедей де кем де емес, әдебиетіміздің қаулап ӛсуінің бір себебі осында жатқан сияқты", [1]. Ауызша сӛйлеу тіліне негізделген бұқаралық ақпарат құралдарының тілдік дамуға тигізер әсері мен септігі зор екендігі туралы пайымдалып тұрғаны мәлім. Себебі, тіл - тарихи құбылыс, ол әрбір кезеңдерде ӛзіндік сипатта қолданыс табады. Бұқаралық ақпаратта тіл мезгіл сайын ӛзгеріске, жаңашылдыққа ұшырайды. Телехабарлар тілін, оның стильдік ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі таңда ӛзекті мәселе болып отыр.