М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Vitomalc777
Vitomalc777
23.08.2020 05:48 •  Қазақ тiлi

Эссе на Тему" Адал дос немесе амал дос" опорные слова: жақсылық жасау, қиналу,кемшілігін айту, ақыл сұрау, қиындыққа тар болу, қол ұшын беру, көмектесу, қуану, жылау, жанынан табылу

👇
Ответ:
nikabelousova11
nikabelousova11
23.08.2020

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.

Ал амал дос тек өзіне қажет уақытта дос кейпін танытып, басыңа қиындық түскен кезде сені жалғыз қалдырып кетеді, тіпті "сатып" та кетіп жатады. Сондықтан дос таңдауда сақ болып, жаңылмауымыз керек.

Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Сондықтан, өміріміздегі адал достарымызды бағалап, ортамызға түсініспеушілік түсірмей, ешқашан достарымызды алдамай, керісінше достығымызды нығайта түсейік.

4,6(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
adiletmurataliev
adiletmurataliev
23.08.2020

ответ:Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық «Шабыт» фестивалі Гран-приінің, Президент кубогының иегері, Жарасқан Әбдіраш атындағы сыйлықтың лауреаты, жерлесіміз, белгілі ақын Ерлан Жүністің өлеңдері 6-7 сынып оқушыларына арналған оқулықтарға енді. Бұл, әрине «ақынмын» деп жүрген кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін зор бақ. Нағыз табиғи таланттың табысы екені сөзсіз.

Бұған дейін қарасы қалың оқырмандарына «Жыр перзент», «Киелі түндердің дұғасы», «Хауас», «Ғаусар», «Үміт жырлары», «Энтелехия», «Арманшыл таңның бұлттары» секілді бірнеше жинағымен танылған ақынның өлеңдері тау бұлағындай мөлдірлігімен, тазалығымен жұртшылықтың жүрегін баурап алатыны ақиқат. Талай әдеби аламандарда қатарынан оза шауып жүрген талантты ақынның шығармашылығына табыс тілейміз.

4,7(68 оценок)
Ответ:
FoxyzSuper
FoxyzSuper
23.08.2020

ответ:Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.

Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.

Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Объяснение:✒

4,5(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ