Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз.
Ұлы Жібек жолы
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
Ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықта. 1 жалған ақпаратты тап.
Ақпарат Дұрыс Бұрыс
Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. +
Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Тараз атанған. +
Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. +
2-тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыр.
1.
2.
3.
3-тапсырма
Мәтін мазмұнын қысқаша 3-4 сөйлеммен, өз сөзіңмен баяндап жаз.
4-тапсырма
Отырар, Түркістан. Берілген сөздерді септе.
Атау септік:
Ілік септік:
Барыс септік:
Табыс септік:
Жатыс септік:
Шығыс септік:
Көмектес септік:
2. Ілиясты жастайынан қатал мінезді әкесі тәрбиелеген.
3. Әкесі етікші, ұста, ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болған. Ол халық ауыз әдебиетін көп оқып, оны жинаумен айналысқан.
4. Сегіз қырлы, бір сырлы деген ұғым қолынан көп іс келеді, жан-жақты адам дегенді білдіреді.
5. Ілияс Жансүгіров әкесінен етікші, ұста, әнші, домбырашы болуды, арабша хат тануды үйренеді.
6. Ілиястың әдебиетке қызығуына әкесі әсер еткен.
7. Ілияс әкесі Жансүгірден халық өлеңдерін, қызықты әңгімелер естіген.
8. Халық өмірімен тереңірек танысуына әкесі мүмкіндік туғызған. Себебі, ол ұлына халық өлендері мен ертегілерін үйреткен.