М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ulyanka2000
Ulyanka2000
07.07.2021 20:28 •  Қазақ тiлi

Ақбоз үй сөзінің мағынасы қандай​

👇
Ответ:

әдемі үй деп ойлаймын

4,5(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
liskotovich
liskotovich
07.07.2021
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның  ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.
Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
4,4(80 оценок)
Ответ:
24j18g81B
24j18g81B
07.07.2021
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
4,5(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ