М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
еренйегер2398
еренйегер2398
01.03.2023 04:47 •  Қазақ тiлi

Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылlдың ішінде салынып бітті.осы сөйлемге морфологиялық талдау жасап бере аласыздар ма?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
TheVadCom
TheVadCom
01.03.2023

ответ:

қыс  келді. түн ұзара бастады,қар қалың жауды, аяз қатты болады, өзен суы мұз болып қатты, далада қармен ойнады,қардан ойыншықтар жасады,бір топ аулада қар лақтырысып ойнап жүр,бәрі жылы киім киген,мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. соның ішінде  қыс мезгілі  де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. бұл мезгілде табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. қолдарына шана сүйреген , жүздері күлкіге толы барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. басында қашанда қар жататын қарт алатау ару алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан алатау  қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

қыс  мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - жаңа жыл. сірә, бұл мейрамды еңбектеген , еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. осындай естен кетпес оқиғаларға толы  қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар.  қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

4,8(62 оценок)
Ответ:
Dimamysixin
Dimamysixin
01.03.2023

қиял - ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. қиял - ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т. ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. қазақтың қиял - ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. демек, біздің қиял - ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. қазақ қиял - ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. осы себепті қиял - ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. кей жағдайда қиял - ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. қиял - ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. көптеген қиял - ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар.

4,7(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ