М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
titova2017
titova2017
14.03.2023 16:48 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып , не туралы айтылатынын анықтаңыз.
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2-тапсырма
Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.
«ПОПС» формуласы:
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім … »
3-тапсырма
Шығарманы түсініп оқып, кейіпкерге берілген автор мінездемесін табыңыз. Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді)
Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті. «Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! — деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың…» Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл — құлға, бұрымды қыз — күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді. Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
4-тапсырма
Мәтін бойынша кестені толтырыңыз. Кейіпкердің мінез-сипатын, іс-әрекетін анықтаңыз.

👇
Ответ:
aygulmurzanaev
aygulmurzanaev
14.03.2023

Мәтінде ұлы жібек жолы туралы айтылған .Ол жерде сауда саттық пен айналысқан. Жібек жолы жаңарды . әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталатын болды

2 Менің ойымша ұлы жібек жолы сауда саттықтың шырығы болған

Себебі мен оны былай түсіндіремін Ол жерде сауда сатық кілем асыл тас азықтүлік киім т.б сатылған

Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …

Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген.

Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Ұлы жібек жолы ең үлкен сауда сатықтың шам шырағы болған

Объяснение:

4,6(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Хелп11111111111
Хелп11111111111
14.03.2023

Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті

4,7(11 оценок)
Ответ:
arseniybox
arseniybox
14.03.2023

Менің Отаным Қазақстан

Қазақстан кең-байтақ ел. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.

4,5(7 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ