Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
– Құрамында көмекші есім сөз бар жұмбақтар:
1.Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
2.Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)
3.Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (Құс ұясы)
4.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
Бұл жұмбақтардағы көмекші есімдер:үстіне,астында,сырты,іші,басында,қасында,үсті,асты,ортасында.
– Құрамында көмекші есім сөз бар өнер туындыларының аты:
“Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісі, Абай Құнанбайұлы “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі,Сәкен Сейфуллин “Тау ішінде” әні және т.б.
– Құрамында көмекші есім сөз бар мақал-мәтелдер:
1. Бітер істің басына,
Жақсы келер қасыңа.
2.Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса.
3.Отан от басынан басталады.
Көмекші есімдер:басына,қасыңа,сыртта,басынан.
– Құрамында көмекші есім сөз бар жаңылтпаштар:
1.Құман от басында,
Жүген ат басында.
От басынан құманды алыс
тастасын ба?
Ат басынан жүгенін ап,
ноқта салсын ба?
2.Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Көмекші есімдер:басында,үстінде.
– Құрамында көмекші есім сөз бар бірнеше сөйлем (8 сөз):
1.Сөздің басы сол жаңа ауыл мұғалімінен басталған еді.
2.Оның үстіндегі көк көйлегі әдеміше, ыңғайлы тігілген екен.
– Құрамында көмекші есім сөзге аяқталған бірнеше сөйлем:
1.Оған бәрінен бұрын ұнағаны – үйдің іші.
2.Анадайдан көрініп тұрған ол – тау шеті.