М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alionka7
alionka7
29.01.2020 22:36 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген.

«Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

1.1. Мәтіннің қорытынды бөлімінде не туралы айтылған?

А) Қызыл кітап туралы түсінік

В) Бірінші бөлімінің жарық көруі

С) Екінші бөлімнің жарыққа шығарылуы

Д) Қызыл кітаптың тәрбиелік мәні

Е) Үшінші басылымында тіркелген деректер

1.2.Бірінші басылымда өсімдіктердің неше түрі тіркелген?

А) 268

В) 2

С) 10

Д) 3

Е) 307

2-тапсырма

Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай түзетіңіз.

Өсүмдүксүз жануар да, адам да өмүр сүреалмайды. Өсімдіктердің ен үлкөн маңызының бірі - барлық тіршіліке қажетті оттекін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлү шантозаңдардан тазалайды. Қарағай пияз сарымсах сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген заты бөліп шықарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

Жербетіндегі барлық тірі ақзалар сияқты өсімдіктерде қорғауды қажететеді.

3-тапсырма

Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерінен синоним мен антонимдерді жіктеңіз. А)Антоним, синонимдер: жүйрік,мөлдір,шипалы, шабан, қасиетті, баяу, таза,

емдік қасиеті, киелі , тұнық

Ә) Жүйрік, таза, мөлдір сөздеріне тура, ауыспалы мағынаны құрайтындай сөз тіркестерін құра.

ЭТО БЖБ ПО КАЗАК ТИЛИ

а​

👇
Ответ:
Pomogiteπ
Pomogiteπ
29.01.2020

1-тапсырма

2-тапсырма

Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.

3-тапсырма

Синонимдер: шипалы емдік қасиеті; киелі, қасиетті; тұнық, таза, мөлдір.

Антонимдер: жүйрік-шабан, баяу

Объяснение:

4,6(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ZnAnIjAbro
ZnAnIjAbro
29.01.2020

Еңбек, кәсіп туралы.

Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі.

Кәсіп таңдаудағы негізгі мақсат – өзіңе ұнайтын жұмыспен айналысып, еңбегіңнің жемісін көру.

«Кәсіп - бақыттың шырағы, еңбек - ырыстың бұлағы» демекші, өзіңе ұнайтын өмірлік кәсіп тауып, сол еңбегіңнің жемісін көрсең, өзіңді бақытты сезінесің. Себебі еңбегің еленеді, сол арқылы ақша тауып, несібелі боласың.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

4,6(8 оценок)
Ответ:
alena123141
alena123141
29.01.2020

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Объяснение:

бул дұрыс маганда осндай келди

4,6(72 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ