Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы қасқырды, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. "Көксерек" деп шақырады.
Ауылда бір аңшы бір төбет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды. Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол Көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жаңағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар Көксеректі бір сайдың жотасынан кездестіреді. Сол мезетте үлкен төбет көксерекке арыстандай атылып, жолбарыстай бақырып тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепе-тең болады. Екеуі бір-бірімен тістесіп, екеуінін ауыздары қарысып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп Көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға Құрмаштың апасына Көксеректі алып келеді. Сол кезде апасы "Менің баламнын жазығы не?" деп айтады. Апасы қайғыдан құса болады .
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.
Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.
Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.
ответ:«Бірінші, біздің ең басты жетістігіміз — біз дүние жүзі картасында мүлде болмаған мемлекетті, Тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Халықаралық деңгейде мемлекеттік шекара бекітілді, Конституция негізінде тиімді мемлекеттік басқару жүйесі құрылды. Заманауи қарулы күштеріміз, құқық қорғау жүйеміз бар. Қазақстан қазіргі кезде ынтымақтастық мәселесінде беделді, жауапты серктес», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент екінші жетістік ретінде Қазақстанның экономикалық дамуын атап өтті. Бұл 2012 жылы әлем экономикасындағы бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуге мүмкіндік берді.
Президенттің сөзінше, Қазақстанның үшінші жеңісі — бейбітшілік пен келісімнің үлгісі бола білуі. Осы тұрғыда ол мемлекеттегі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясын атап өтті.
Төртінші жетістік — қазіргі таңда жалпы сомасы 265 млрд теңгені құратын шетелдік инвестицияның Қазақстанға тартылуы.
«Ең қиын жылдары British petroleum, Shell, ExxonMobil, Chevron, Agip, General Electric, General Motors, Mittal, Samsung сынды трансұлттық инвестор компаниялар елімізге келді. Сондықтан Қазақстанға тек қаржы ғана емес, технология мен ғылымды қоса ала келген және біздің азаматтарды заманауи деңгейде жұмыс істеуге үйреткен барлық инвесторларға, достарыма алғыс айтамын», — деді Президент.
Сондай-ақ, Президент халықтың әл-ауқатының өсуін бесінші жетістік деп атады. Ол 1996 жылы кедейлік шегі Қазақстанда 35% құрағанын, ал 20 жылдан кейін олардың үлесі 2,5% дейін төмендегенін еске салды.
Алтыншы жетістік — интеграциялық бастамалар. Мемлекет басшысы атап өткендей, 20 жылдан кейін «тұрақтылық» негізінде Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құрылды.
Ал жетінші жетістік ретінде Президент Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы мен ядроға қарсы қозғалыстың көшбасшыларының бірі бола білгенін атады.
«Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап-ақ, өз идеяларын әлемге ұсынды. Тәуелсіздік бастауында біз ядролық арсеналдан бас тартып, Семей ядролық сынақ полигонын жаптық. Осы оқиғамен байланысты атаулы күн әлемде аталып өтеді», — деп атап өтті Президент.