ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. тілдің өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны әркімге де түсінікті. ол танудың, түсінудің, ң құралы. ал үш тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын ға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. қазіргі уақытта қазақстан республикасының шет елдермен халықаралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. сол байланыстарды үшін көп тіл білетін жас ұрпақ тәрбиелеу қажет-ақ.
ендеше үш тілді білу бүгінгі заман талабы. бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді. турасын айтсақ, екінші бір тілде сөйлеу өзге тілді пайдалану ғана емес, басқа ұлттық мәдениеттің, психологияның аясына сыналап енуді де аңғартады.
еліміздің президенті н.ә.назарбаев қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын», - деген-ді.
"Мәңгілік ел-болашаққа бағдар"
Еліміз тәуелсіздік алған шақтан бастап,дамудың даңғыл жолыңа түсті.
Еліміз, мәңгі тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін ұлт болып жұмылып, іс атқаруымыз керек. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.